27
январь
2023
Түнгі рейд жұмыстары
Түнгі рейд жұмыстары Кәмелет жасына толмаған оқушылардың тәрбие жұмысын жақсартуда мектеп басшысымен бірлесіп, тоқсандық іс-шара жоспары түзілді. Онда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда айына екі рет және мереке күндері рейд жұмыстары ұйымдастырылып, 8-11 сынып оқушылары арасында құқықтық дәрістер және жаман әдеттерден сақтандыру мақсатында дөңгелек үстелдер, сұхбаттарды жиі өткіздік. Соның ішінде оқушылардың кешкі уақытта көшеде жүру ережелерін егжей-тегжей түсіндіреміз. Түнгі рейд жұмыстарына 8-11 сынып жетекшілері және мектеп ер мұғалімдері ат салысуда.