"ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ
«Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№19 көпсалалы мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ
2024-2025 оқу жылы
Облыстық білім басқармасы балаларды зорлық-зомбылықтан қорғаудың, суйцидтің алдын алудың және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің 2024-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде (ҚР Үкметінің 2023 жылғы 31тамыздағы №748 қаулысы) мектептерде оқушылардың оң мінез-құлық тәжірбесін насихаттау мақсатында мектебімізде 1-11 сынып оқушылары, педагогтері қатысуымен «ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» республикалық акциясының 18 қаңтар күні ашылуы өтті.

Досболайық акциясы достықтың қаншалықты маңызды екендігіне тоқталып, «Нағыз досыңның болғанын қаласаң – дос бол!» ұранын ұстана отырып, «Қалаймын, жасай аламын, жасаймын» формуласына сәйкес ортақ мүдделер мен бірлескен қызмет негізінде бірігуді ұсынды. Барлық қатысушыларды адал достыққа, кез-келген уақытта бір-біріне қол ұшын беруге дайын, позитивті болуға шақырады.
Біздің мектебімізде бұндай тамаша акциядан тыс қалмадық. Мектеп директоры Коншибаев Нурбол Өтегенұлы бастаған ұжым мен ата-ана, оқушылар арасында күнделікті досболайық акциясының іс-шаралары жоспар бойынша іске асырылуда. «Дебат», «Оқырмандар клубы», «Сахналық қойылымдар», «Мейірімді жан», «көңіл күй сыйла» сынды әр түрлі іс-шаралар өткізілуде.