« Күз кереметі » мерекелік іс-шарасы
«Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№19 көпсалалы мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
« Күз кереметі » мерекелік іс-шарасы туралы
23 қазан күні мектебімізде « Күз кереметі » тақырыбында мектепішілік сайыс ұйымдастырылды. Сайысқа 5-9 сыныптар қатысты. Сайыс 3 кезеңнен құралды.
1.Таныстыру
2.Өз өнері
3. «Күзгі STARTAPP»
Әр сынып сайысқа белсене қатысып,жоғары деңгейде дайындалған. Сайысымыздың 3 кезеңі «Күзгі STARTAPP»-қа мектептің мүмкіндігіне қарай мектеп оқушылары қоршаған кеңістікті жақсарту мақсатында өз идеяларын, жасанды интеллектерді немесе инновациялық жаңалықтарды пайдалана отырып командалық өз идеяларын ұсыну болатын. Оқушылар әртүрлі қолдан жасаған қолөнерлерін алып келді.
Сайысты ұйымдастырған ДТІЖО және педагог-ұйымдастырушы. Оқушылардың тыныштығын, қауіпсіздігін сақтау мақсатында ағылшын тілі, дене шынықтыру пәні мұғалімдері кезекшілік атқарды.
