«Зорлық - зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы » «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 19 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№19 көпсалалы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7277) 44-82-16
Есепші бөлімі:
+7(7277) 44-82-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
январь
2023

«Зорлық - зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы

25 қараша мен 10 желтоқсан күндері аралығында мектебімізде   «Зорлық - зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы ұйымдастырылды.. Акцияның мақсаты: тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамда отбасының рөлін нығайту, зорлық-зомбылықтың жолын кесу, зорлық - зомбылық жасауға бейімді адамдармен жеке-профилактикалық жұмысты жүзеге асыру, азаматтардың  полицияға деген сенімін нығайту. Осыған байланысты мектепте бірқатар іс-шаралар қолға алынып өткізілді.. Жасыратыны жоқ, тұрмыстық зорлық-зомбылық қоғамның қасіреті десек артық айтқандық емес. Өйткені, соның салдарынан ана да, бала да зардап шегіп, бақытсыздыққа душар болып жатады. Сондықтан, мұндай жайттарды болдырмай, алдын алуға баршамыз атсалысуымыз керек-ақ. Сонда ғана ортақ Отанымыз, қоршаған қоғамымыз гүлденеді. 

Бүгінгі күні жасөспірімдердің басым бөлігі құрдастарының тарапынан қысымға ұшырап, буллингтің құрбанына айналып отыр. Мұндай әрекеттердің соңы жағымсыз жайттарға ұласып жатқаны көңіл қынжылтады. Жалпы, жеткіншектер арасындағы буллингтің алдын қалай алуға болады? Баласы буллингке ұшыраған ата-аналардың алғашқы әрекеті қандай болуы керек? деген сұрақтарға «Зорлық - зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында оқушыларға мектеп құқық менеджері, ДТІЖО, мектеп психологтарымен «Я и Закон», «Буллинг и кибербуллинг», "Мы против насилия!" тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу 19 қараша-20 желтоқсан  күні №19 көпсалалы мектеп – гиназия  оқушыларына құқық қорғау органдарының қызметкерімен кездесу ұйымдастырып, оқушыларды құқықтық тәрбиелеу, тәртіп бұзушылық және қылмысты алдын-алу мақсатында дөңгелек стол болып өтті. Аталған кеш жыл сайын мектепте күштік құрылымдар қызметкерлерінің қатысуымен өтеді. Кездесуге Талғар АПБ-ның ЮПТ-ның  инспекторлары қатысты. Кездесуді мектеп құқық менеджері Нурмуханбетова Акмарал ашып, кешке шақыртылған құқық қорғау органының қызметкерін оқушыларға таныстырды және кездесудің мақсаты мен маңыздылығы туралы кеңінен баяндап өтті.

 Талғар АПБ-ның ЮПТ-ның  инспекторлары қоғамда тәртіп сақтау туралы жалпы ережелерге тоқталып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысы туралы айтып өтті. Қоғамдағы ең басты мәселе Қазақстан Республикасындағы әрбір азаматты мемлекет тарапынан құқығын қорғау және сақтау заң қызметкерлерінің абыройлы міндет болып саналатынын жеткізді. Кездесу барысында оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оған құқық қорғау органдарының қызметкері жауап берді. 

      Бұл кешке құқық қорғау органдарының қызметкерінен басқа  тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары қатысып мектеп ережесі, темекінің зияны, нашақорлық, түрлі жұқпалы аурулар жайлы айтылып,оқушыларға ақпарат берілді.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив