«Ұл бала тәрбиесі – жауапты іс» «Қыз баланың бой жетуі» атты тақырыпта ұлдар қыздар жиналыс » «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 19 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№19 көпсалалы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7277) 44-82-16
Есепші бөлімі:
+7(7277) 44-82-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұл бала тәрбиесі – жауапты іс» «Қыз баланың бой жетуі» атты тақырыпта ұлдар қыздар жиналыс
27
январь
2023

«Ұл бала тәрбиесі – жауапты іс» «Қыз баланың бой жетуі» атты тақырыпта ұлдар қыздар жиналыс

 15.11.2022ж. күні ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналыста ұлдардың тәртібі, сабаққа қатысы, мектеп формасы, отбасындағы ұл бала тәрбиесінің ерекшеліктері, қоғамдық ортада ұл бала өзін қалай ұстау керектігі жайлы, «Ұл бала тәрбиесі – жауапты іс» тақырыбында баяндама оқыды. Ер баланың дұрыс тағылым – тәрбие алуы, дүниенің сырын танып білуі отбасындағы ата-аналардың ақыл кеңесі мен үлгі-өнеге көрсетуіне байланысты екендігі айтылды.айтылды.

12.12.2022 ж. күні өткізілген ұлдар жиналысында ұл балалардың сабаққа қатысы, мектеп формасы, сабаққа кешігу жайында айтылды. Сонымен қатар ұлдардың сабақ уақытындағы, сабақтан тыс уақыттағы тәртібі, мектеп мүлкін ұстау тәртібі жөнінде, де сөз қозғалды.

Қатысқандар:Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мекттеп психологы ,«Айбын» ұлдар ұйымының төрағасы, 5 – 11 сынып оқушылары және жетекшілері.

11.11.2022ж. күні қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыста қыздардың тәртібі, сабаққа қатысы, мектеп формасы, жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын – алу, сенім жәшігі және сенім телефондары жайлы айтылды.

  Жиналыстың мақсаты: Жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу жастардың Адам тәрбиесі мен Қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында түсініктеме беру. Ұрпақ тәрбиесіне байланысты ата – бабалар ілімдері туралы түсініктерін қалыптастыру. Отбасын құру мен бала тәрбиесіне байланысты жауапкершіліктерін арттыру. Жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесінің мән – мағынасын ашып көрсету. 

     2022 жылдың 11 қараша күні №19 көпсалалы мектепте «Қыз баланың бой жетуі»   атты тақырыпта қыздар жиналысы өтті. Жиналысқа директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп медбикесі мен мектеп психологінің қатысуымен 9 сынып қыз балаларының арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында жұмыс жүргізілді. Мектеп медбикесі етекір кезіндегі болатын ағзадағы физиологиялық өзгерістер жайында, сонымен қатар жыныстық қатынас туралы сөз қозғады. «Ерте жүктілік несімен қауіпті?» және «Қажетсіз жүктіліктен қалай сақтану керек?» туралы сұрақтар қозғалды. Сонымен бірге, аталған іс-шараға қатысты оқушыларға бейнебаян көрсетілді. Жиналыс сырласу түрінде өтіп, оқушылар жақсы көңіл-күймен тарады. 

20.12.2022 ж. күні қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыста қыз балалардың жеке гигиенасы, достармен және құрбылармен күнделікті қарым – қатынаста жаман әдеттерден аулақ болу қағидалары туралы айтылды.

Қатысқандар: тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Қызғалдақ» ұйымының төрайымы,мектеп педагог – психологтары, 5 – 11 сынып оқушыларысынып жетекшілері, мектеп медбикесі.

Ата-аналармен профилактикалық жұмыс.

Сынып жетекшілердің және мектеп ұжымының  ата-аналармен ынтымақтастығы оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі болып табылады. Ата-аналарды педагогикалық үрдістің белсенді мүшесі ету оңай шаруа емес. Ол асқан шеберлік пен зор жауапкершілікті қажет етеді. Мұндай міндетті шешу үшін тәрбие жұмысының жоспарында оқушылардың отбасын зерттеу.Ата-аналардың педагогикалық сауатын көтеру. Ата-аналар комитетінің жұмысымен байланысты арттыру.Ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу.Ата-аналарды оқушылардың оқу-тәрбие үрдісінің нәтижелерімен, барысымен жүйелі таныстыру мақсатында  маңызды істерді жүзеге асыруда тәрбие жұмысының мақсатын, міндеттерін, мектептің ерекшелігін, ата-аналар құрамын, ата-ана мен тәрбиешінің қарым-қатынасының негізгі ұстанымдарын ескеріп көптеген ата-аналармен профилактикалық жұмыстар, жекелеген оқушылармен және жалпы сыныптық профилактикалық жұмыстар    жүргізілді. 











Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив