«Адал ұрпақ» ассоциациясының слеті
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Талғар ауданы бойынша білім басқармасымен бірлесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ» ассоциациясының слеті ұйымдастырды. «Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» тақырыбында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы мен мүшелерінің атқарған жұмысы бойынша есебі тыңдалып, «Адалдық бізге аманат» сахналандырылған қойылымы көрсетілді. Оқушыларымыз алғыс хаттармен марапатталды. Жетекшісі: Жолсейтова Ақбота
Көңілді, талантты, тапқыр жастар. Талғар ауданында көптен күткен КВН ойындары өтті. Сахна шымылдығын тек ұлдардан құралған «Алтын» командасы ашты. Мектеп оқушылары тәтті қылықтарымен көрермендерді бірден баурап алды. Әзілдері де аға-әпкелерінен кем емес. КВН ойындары тақырыптық форматта, яғни «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» тақырыбында өтті. Командалар қазіргі өзекті мәселелерді астарлы әзіл, қағытпа қалжыңмен жеткізді. Әсіресеөз жерлеріндегі жауыр болған проблемаларды тілге тиек етті. Оқушыларымыз алғыс хаттармен марапатталды. Жетекшісі: Жолсейтова Ақбота

