«Білім күні» 1 қыркүйек
«Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№19 көпсалалы мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты іс-шара
2024-2025 оқу жылы
2024-2025 оқу жылында «Білім күні» 1 қыркүйекте, сағат 09:30-да 45 минуттық 1,11 сынып оқушыларының қатысуымен «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты шара форматында өткізілді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеру және әнұранды орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану ережесіне сәйкес орындалды. Салтанатты іс-шараға қонақ болып Бесирова Қарлығаш Бекетовна Алматы облысы НЦПК «Өрлеу» кафедраның меңгерушісі келді. Салтанатты іс-шара мектеп-гимназия директоры Н.Коншибаевтың оқушыларды білім күнімен құттықтауымен ашылды. Сценарийге сәйкес мерекелік концерт өз кезегімен жалғасын тапты.
Мерекелік іс-шара аяғында 1 сыныптарға алғашқы кітаптары «Әліппе» таратылып, мектеп табалдырығын аттап, безендірілген сыныптарына кірді.
Мерекелік іс-шара жоғарғы деңгейінде ұйымдастырылып өткізілді.
Білім күніне орай білім алушылар, олардың ата-аналары мен педагогтер арасында әлеуметтік желілерге 2-3 минуттық бейнеролик түсіріліп орналастырылды. Бейнероликті орналастыру күні: 2024 жылғы 1 қыркүйек. Әлеуметтік желілерде орналастыру уақыты: 12:00 – 17:00. Хэштег: #Bilim_quni деп салынды.
Бейнероликке ұсынылатын тақырыптар сыныптар бойынша төмендегі ретпен бөлініп берілді:
– барлығы үшін: «Мектебім – мейірім мекені»;
– бірінші сынып білім алушылары үшін «Мектепке алғашқы қадам»;
– 2-4-сынып білім алушылары үшін «Мен үшін қымбат - мектебім!»;
– 5-8-сынып білім алушылары үшін – «Жаңа жетістіктерге жетуге дайынмын!»;
– 9-11-сынып білім алушылары үшін – «Ой. Арман. Мақсат»;
– 1-сынып білім алушыларының ата-аналары үшін – «Мектептегі бірінші күніміз», «Бірінші сынып – өмірдің жаңа кезеңі»;
– сынып жетекшілері үшін – «Жаңа оқу жылы құтты болсын, менің сүйікті сыныбым!».
2 қыркүйек күні сынып жетекшілер сыныптарын безендіріп, «Менің Отаным-Қазақстан!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты 1-11 сыныптар арасында өткізілді.
