«Апатты жағдайларда сақтану, алдын-алу іс-шараларына дайындық »- оқу-жаттығуы
Талғар ауданы, Қызыл – Қайрат ауылы , коммуналдық мемлекеттік мекемесінде №19 көпсалалы мектеп – гимназиясында оқушылар арасында «Апатты жағдайларда сақтану, алдын-алу іс-шараларына дайындық »- оқу-жаттығуының өтуі туралы:
13.09.2024 жылы сейсмикалық жаттығулар барысында ұстаздар, оқушылар арасында «Апатты жағдайларда сақтану, алдын-алу іс-шараларына дайындық » - атты түсіндірілме, профилактикалық жиналыс өтті. Төтеншежағдайдыңалдыналу -бұл алдынала жүргізілетін және төтеншежағдайдың туындау қаупін барынша азайтуға, сондай-ақ адамдардың денсаулығын сақтауға бағытталған іс-шаралар кешені.
Жиналыстын негізгі мақсаты – ұстаздар мен оқушыларды табиғат апаттарына дайындау, оларға жалпы қауіпсіздік мәдениетін үйрету, сондай-ақ азаматтық қорғау күштерінің төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерге дайындық деңгейін арттыру.Төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс іс-әрекеттер сіздің өміріңіз бен денсаулығыңызды сақтауға көмектеседі.
Профилактикалық іс-шарада Талғар ауданы,төтенше жағдайлар бөлімінің, азаматтық қорғау лейтенанты А.Ә.Әлімбек, мектеп ДТІЖО, құқық менеджері А.Нұрмуханбетова, педагог ұйымдастурышы А.Зияханова, АӘД муғалімі А.Сәрсенберліұлы қатысты. Бұл профилактикалық жұмыстар төтенше жағдайлар кезінде өзің-өзі ұстау ережелерімен таныстыру,қауіпсіздік орындарды анықтау сияқты іс-әрекеттерді іс жүзінде пысықтайтын болады.