«1986 жылғы Желтоқсан құрбандарын еске алу» кеші
«1986 жылғы Желтоқсан құрбандарын еске алу» кеші
№ 19 көпсалалы мектеп – гимназиясында 08 – 14 Желтоқсан күндері аралығында «Ұлы Дала төсіндегі Мәңгілік ел» атты 1986 жылғы Желтоқсан құрбандарын еске алу кеші өтті. Мектепішілік үлкен іс-шараға өзін – өзі басқару ұйымы Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, талай жылдар бойы армандаған егемендікке қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрініс көрсету арқылы көрермендерге және оқушыларға жеткізе отырып патриоттық сезімдерін оята білді. Үлкен іс – шараға Қызыл-Қайрат ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Натхан Манайұлы, мәдениет үйінің күйшісі Құрманғали Тілемісұлы мен "Мәдениет майталманы" Мырзабек Парманов өз өнерлерін көрсетті. Көрермен қатарында мектеп директоры Коншибаев Н.О ; Алатау ауылдық округі әкімі Сейтов А.С және мектеп әкімшілігімен қатар ұстаздар, оқушылар қатысты.
Өнер бірлестігі мен бастауыш сынып оқушылары Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдығына орай мектебімізде «Ұлттық өнер – ұрпаққа мұра» көрмесі ұйымдастырылды. 

