Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы » «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 19 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№19 көпсалалы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7277) 44-82-16
Есепші бөлімі:
+7(7277) 44-82-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
март
2022

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

Алматы облысы талғар ауданы Қызыл-Қайрат ауылы №19 көпсалалы мектеп-гимназиясының  Қазақстан    Республиткасының   Заңы.

Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы   іс-қимыл  туралы

                                                        АНЫҚТАМА:

 1998 жылғы 2 шілдеде  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы курес туралы» Казакстан Республикасыньң Заңы қабылданды да, лексикалық қорымызға «сыбайлас жемқорлық» (коррупция) деген сез тіркесі енді. Бул қазір буқаралық ақпарат құралдарынан түспейтін болды. «Коррупцияның» латын сөзінен шыққаны белгілі. Ол лауазым иелерінің, қоғам жане саяси қайраткерлердің   параға сатылғыштығы  деген мағынада санамызда көптеген қалыптасқан.

  Осы Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi.

  Осы Заң сол сияқты демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенім нығайтуға, біліктi мамандарды мемлекеттік қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттік мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған.

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес Ұлттық баяндама сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган жұмысының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басқа да субъектілері (мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің) қызметінің нәтижелері негізінде қалыптастырылады.

    Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жолын кесу құқық қорғау органдарының ерекше құзыреті болып табылады. Осы қызметтің негізгі рөлі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке – сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросына, осы саладағы жедел-тергеу бөлімшесінің уәкілетті органы ретінде берілген. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу функциясымен бірге өз құзыреті шегінде прокуратура органдары, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, мемлекеттік кіріс, әскери полиция органдары орындайды. 

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл саясатының базалық бағыттары Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген сыбайлас жемқорлықты іріктеу міндеттерін іске асыру арқылы нақты белгіленген. Бұл ретте, сыбайлас жемқорлықтың көріністерін азайтудың мақсатты нұсқамаларына қол жеткізу алгоритмі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарлаудың көп деңгейлі жүйесінде бүгінгі күні басты бағдарламалық құжат болып табылатын Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көрсетілген.

     Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды жүйелі және бірізді іске асыру ұлттық тәжірибе ауқымы мен озық халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибелерді тартуды ескерумен өзін-өзі жетілдіру режимінде тұрақты тұрған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бірегей үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік берді.

    Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның бірінші кезеңін іске асыру табысты аяқталды, бұл оны орындаудың алғашқы нәтижелерін ұғыну қажеттілігін өзектендіреді. 2015 жылғы 18 қарашада бекітілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптары тұрақты әзірлеуге негіз болған осы жыл сайынғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамада өзінің көрінісін тапты.

   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды сақтау бойынша бірінші басшылардың жеке жауапкершілігі нормативтік бекітілімнің болмауы, сонымен қатар білім саласындағы стратегиялық құжаттарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу механизмдердің болмауы сыбайлас жемқорлық тәуекелдер деңгейін төмендетудегі шаралардың тиімділігін тежейді.

   Жүргізілген талдау арқылы орта білім беру саласында ұрлау және теріс пайдалану қылмыстары кадрлық мәселелер, «өлі жандарға» жалақы есептеу, жалған аттестаттар, сертификаттар және дипломдар берумен ұштастырылған.

   Орта білім беру және мектепке дейінгі білім беру саласында сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқарту мақсатында келесі ұсынылады:

қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдап, осы жұмысты бақылау;

«100 нақты қадам» Ұлттық жоспарын тиімді іске асыру бойынша білім сапасын жақсарту және мақсатты индикаторларға қол жеткізу бойынша шаралар кешенін қарастыру;

уәкілетті орган өз тәжірибесі мен ішкі талдау негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту

   Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс. Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады. Біздің түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек. «Қазақстан-2050» Стратегиясы.





Құқық  менеджері:                                                       А.А.Нұрмуханбетова


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив