2022-2023 оқу жылы бойынша «Мектепішілік бақылау мен басқару» жұмысына сараптама » «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 19 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№19 көпсалалы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7277) 44-82-16
Есепші бөлімі:
+7(7277) 44-82-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022-2023 оқу жылы бойынша «Мектепішілік бақылау мен басқару» жұмысына сараптама
24
июнь
2023

2022-2023 оқу жылы бойынша «Мектепішілік бақылау мен басқару» жұмысына сараптама

2022-2023 оқу жылы бойынша «Мектепішілік бақылау мен басқару»  жұмысына сараптама

І. Мектепте оқушыларды қамту

ІІ.Оқу пәндерінің жүргізілу барысы

ІІІ.Мемлекеттік стандарттың орындалу барысы

IV.Мұғалімдермен жұмыс (түбегейлі тексеріс бойынша)

V.Тәрбие жұмысының тақырыптық тексерістері.


І. Мектепте оқушыларды қамту:  2022-2023 оқу жылының 05.09.2022 оқу жылының  статистикалық есебі бойынша 1-11 сыныптарда 84 сынып комплектісі, оның ішінде 41 қазақ, 32 орыс, 11 ұйғыр сыныптары болып топтастырылды. Биылғы оқу жылында 110 бала мектепалды даярлық тобына қабылданып, 7 топқа топтастырылды.   7 сынып комплектісі, 3 қазақ, 3 орыс, 1 ұйғыр тобы құрылды. Мектепалды даярлық топтары үшін 5 күндік оқу кестесі бекітіліп, жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы  мектепалды даярлық тобы және 1-11 сыныптар – 91 сынып комплектісімен сеть бойынша бекітілді.  2022-2023 оқу жылындағы жаз бойынша  2-9, 11 сыныптардағы келген-кеткен оқушылар қозғалысы және 2022 жылдың 2-5 қыркүйек күндері 1,10 сыныптардағы келген-кеткен оқушылар қозғалысы ескеріле отырып, бұйрықпен ( 05.09.2022 ж.) сыныптарға топтастырылып бекітілді. 2022   жылдың   2 қыркүйек күні  № 242- бұйрығымен 1-11 сыныпттарға сынып жетекшілері бекітілді. 

       Оқу екі ауысымда, сағат 8.00  және 14.05 – тен бастап, сабақ   45 минуттан , үзіліс 5 минуттан, үлкен үзілістер 2 ші сабақ біткен кезде 10 минуттық уақытта қоңырау беріледі. Сабақ кестесі  І – ауысымда   837 оқушы 43 сыныпқа, ІІ – ауысымда    852 оқушы 41 сыныпқа арналып жасалды. Бастауыш сыныптар бойынша барлығы – 34 сынып,   І – ауысымда  17,   екінші ауысымда 17 сынып оқытылса, негізгі блок бойынша барлығы   50 сынып, І – ауысымда  31 сынып, ІІ – ауысымда    19 сынып оқытылады. Барлық сыныптардағы сабақ кестелері санитарлық-эпидемологиялық талапқа сай құрылды. Сабақ кестесінде оқу сабақтарының күнделікті саны, ұзақтығы, реті көрсетілген. Мереке күндеріне бұйрық шығарылып, қосымша сабақ кестесі құрылып отырады.

2022 – 2023  оқу жылы бойынша 2 – қыркүйектен  мемлекет бюджетінен тегін тамақтанатын оқушы саны – 215 оқушы тегін тамақпен қамтылуда. Жас ерекшеліктеріне сәйкес бекітілген мөлшерде берілуде. Оқушылардың тамақтану кестесі бекітілген. Сол кесте бойынша оқушылар уақытында баруда.

         Мектепалды даярлық тобына баратын балалар  анықталды. Мектеп түлектерінің  еңбекпен қамтылуы, мүмкіндігі шектеулі оқушылардың үйден оқытылуы қамтамасыз етілді. Мектеп оқушылары сыныпқа топтастырылып, келген-кеткен оқушылар құжаттары нақтыланды.

Мектептегі оқушылардың іс-қағаздары түгел тексеріліп келген – кеткен оқушылар дер кезінде анықталып, бұйырықтар шығарылып, күнделік журналдарына жауапты С.Смаков пен Е.Жабықбаевқа уақытында беріліп отырады.

Сыныптардағы оқу жылының басындағы есеп бойынша оқушылар саны

1 - 4 сыныптарда - 686 оқушы

5 - 9 сыныптарда - 829 оқушы  

10 – 11 сыныптарда -174 оқушы. Оқу жылының басындағы  1-11 сынып оқушыларының жалпы  саны – 1689 

 Сыныптардағы оқу жылының аяғында есеп бойынша оқушылар саны

1 - 4 сыныптарда – 688 оқушы

5 - 9 сыныптарда – 833 оқушы  

10 – 11 сыныптарда – 173 оқушы. Оқу жылының аяғында 1-11 сынып оқушыларының жалпы  саны 1694

2022 - 2023 оқу жылының жылдық оқу үлгерімінің қорытындысы сынып оқушыларының тоқсандық бағалары мен білім сапасы, әрбір пән мұғалімдерінің пәндік есебі негізінде жасалады. 




2022 - 2023 оқу жылындағы жылдық білім сапасы – 60 % пайызды, үлгерім- 100% пайызды құрады. Оқу озаты - 349 оқушы, оқу екпіндісі - 585 оқушы. 

2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша төмен сапа көрсеткен сыныптар: 5ж 44%, 6б-42%, 6е-46%, 7в-45%, 7е-33%, 8ә-38%, 8д-41%, 8е-28%, 10в-45%.

Жалпы мектеп бойынша тоқсандық салыстырмалы көрсеткішке тоқталсақ:


І тоқсан

ІІ тоқсан

ІІІ тоқсан

Ітоқсан

Жылдық

Айырмашылығы

Білім сапасы

56 %

56,6 %

57 %

60 %

60 %

+6 %

Үлгерім

100%

100%

100%

100%

100%

-



Білім сапасының    тоқсан сайын көтерілгенін   диаграммадан көруге болады

 


ІІ.Оқу пәндерінің жүргізілу барысы:

   Мепктепшіліқ бақылау мен басақару жоспарына сәйкес мектеп-гимназиядағы пәндердің оқытылуының тексерілуі жыл бойы жүзеге асырылды.  19-30.09.2022ж күндері Дене шынықтыру пәнінің жүргізілуі және мұғалімдерінің іс құжаттары тексерілді.

Смағулов Ардақ 20.09.2022 жылы 8в сыныбында сабақ өткізді. Сабақ тақырыбы:   «Прыжки в длину»  тақырыбында сабақ өткізілді . Пән мұғалімі Смағулов А. Сабақ өткізу турі офлайн сабақ. Смағулов А,  оқушыларға ұзындыққа секіру тәсілдерін үйретті және өздеріне жасатты, мұғалім тарапынан тексеру, түсіндіру, оқушыға көңіл бөлуі жақсы. Мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс бар екенін анықтадық. Оқушылар сабаққа уақытында қатысты .Мұғалім сабағына қойған мақсаттары толығымен қамтылды.Оқушылар сабаққа белсене қатысып отырды . Мұғалім өзінің шығармашылық қабілеті жоғары, оқушыларды қызықтыра  алды. Мұғалімдердің қолында күнтізбелік жоспары бар бірақ тақырыптық жоспары болмады. Сабақ біткен соң тақырыптық жоспарын алып келіп көрсетті. Қожахмет Мирас   8 д сыныбында 20.09.2023 жылы сабақ өтті. Сабақ тақырыбы:  «Секіруді дамыту» тақырыбы бойынша сабақ тексерілді. Мұғалімнің КТЖ мен сабақ жоспары бар, мерзімі қойылған, сабақ барысы мен сабақ жоспарының құрылымының этаптары сәйкес. Қожахмет Мирас оқушыларға секірудің   әдіс тәсілдерін үйретті және өздеріне жасатты, Мұғалім тарапынан тексеру, түсіндіру, оқушыға көңіл бөлуі жақсы. Мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс бар. Балалар сабаққа толық қатысты Сабақ барысында турлі тапсырмалар орындалды . Дене шықытыру пәні мұғалімі Юсупов Азиз 21.09.2022 күні  дене шынықытыру сабағы 4 «в» сыныбына өткізілді .Пән мүғалімі Диас Жарқын. Сабақ өткізілуі офлайн сабақ.Сабақтың тақырыбы «Бег, прыжки в длину» Мұғалімнің КТЖ мен сабақ жоспары бар, мерзімі қойылған, сабақ барысы мен сабақ жоспарының құрылымының этаптары сәйкес. Қожахмет Мирас оқушыларға футбол ойынының әдіс тәсілдерін үйретті және өздеріне жасатты, Мұғалім тарапынан тексеру, түсіндіру, оқушыға көңіл бөлуі жақсы. Мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс бар екенін аңғардық. Балалар сабаққа толық қатысты .Сабақ барысында турлі тапсырмалар орындалды. 22.09.2022 күні дене шынықтыру сабағы 10 «ә» сыныбында өтті. Пән мұғалімі Тоқташ Е . Сабақтың өткізілу турі офлайн сабақ.Қатысқан оқушы саны18 . Сабақтың тақырыбы «Топтық қозғалыс ойындары» Мұғалім сабақты  өте жақсы дайындықпен өткізді. Сабақ мақсаттары толық орындалды  . Мұғалім сабақты жоғарғы дәрежеде өткізді . Жоспарлары бар, талапқа сай. 22.09.2022 күні   дене шынықытыру  пәні 9е сыныбында болды,  пән мұғалімі  Сембаев Тимур . Сабақ офлайн өткізілді .Сабақтың тақырыбы:  «Различные модефикации прыжков». Сабақ кезеңдері орындалды . Бірақ оқушылардың сабаққа қатысуы орташа .Сабақ жақсы деңгейде өткізілді. Мұғалімінің жоспарлары бар. Пән мұғалімдерінің жұмысын   сараптай келе мынандай қорытынды жасауға болады:Барлық дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің іс-құжаттары тексерілді. Күнтізбелік жоспар мен тақырыптық жоспарлары талапқа сай жазылған. Техника қауыпсіздік журналдары толтырылған. Мұғалімдер сабақтарын өз уақытында өткізеді. Қалған дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің сабақ жоспарлары, күнделікті толтыруы, сабақтарының өтілу барысы, үйірме сабақтарының жүргізілуі толық тексерілді. Тексеру нәтижесі бойынша қанағаттанарлық деп табылды. Жалпы 2022-2023 оқу жылында өткізілген спорттық жарыстарда біздің оқушылар Тарғар ауданы бойынша командалық есепте 1 орынды иеленді. 

Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы №19 көпсалалы мектеп гимназиясының 03.10.2022 жылғы «Мектепішілік басқару туралы» бұйрығы негізінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің жұмысына сараптама жасалды. Аталған жылдың 10-21 қазан аралығында 5-10 кластарға сабақ беретін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жүргізілуі барысы тексерілді. Алғашқы күндері осы мектепте бұрыннан бері қызмет етіп келе жатқан тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына қатысудың мүмкіндігі болды. Салықбаева Майгуль Ташекеевна, Оразбаева Асемгуль Шукежановна, Ильясова Зульфия Идрисовна, Шынашева Кульшат Кыдырбековна, Шынашова Қанымхан Кидирбековна, Урташева Риза Камзақызы т.б.  ұстаздардың сабағына қатысу мүмкіндігі туды. Аталған мұғалімдердің дені орыс кластарына қазақ тілінен береді екен. 

Анықталған мәселелер: тақтаға бормен жазылған жазу көрінбейді екен (техникалық проблема). Оқушылардың отыруы дәстүрлі. Жұптық жұмыстар жүргізілді. Арасында «Так» деген қыстырма сөз қолдану. Жабық сұрақтардың жиі қолданылуы. Өткен сабаққа бірқатар уақыт бөледі екен. Оқушыларды түгендеу жағын қолға алу. Үндістанды Индия деп орысша атау, ұстаздардың өздерінің көп түсіндіруге тырысуы т.б. 

Күшті жақтары: Мұғалім кері байланыс жасап отырды. Ерекше білім беру қажеттілігі бар баламен жұмыс жасалды. Формативті бағалаулар жасалып отырды. Автордың идеясын ашуға тырысу.  Топтық және жұптық жұмыстар жасалып отырды. Сөздікпен жұмыс істеу жолға қойылған. «Толағай» тақырыбына сай АКТ құралдарын қолданып, мульфильмнен үзінді көрсетті. Айтылым-жазылым-тыңдалым-оқылым дағдыларына қатысты тапсырмалар бар екен. Мысалдарды жақсы келтіріп отырды. Аңыз бен ертегінің айырмашылығын ашылды. Логикалық сұрақтар қойылды. Синонимдер қолдануға мүмкіндіктер берді. «Отан» ұғымына кластер стратегиясын қолданып жіберді. Суреттерді тақтаға іліп қойып, экологияға қатысты ашық сұрақтар қойып, оқушылардың ойлануына мүмкіндік берді. Жердің эррозиясына қатысты мысалды жақсы келтірді. Орыс кластары септіктерді жақсы біледі екен! Т-кестесі талдауын жақсы қолдана білді. Экологиялық сауаттылық бойынша сауал тастады. Карточкамен жұмыс жүргізіледі. Оқулықтың сапасы жақсы екен. Түрлі-түсті. Ашық сұрақтар мен өзекті тақырыптар берілген. Жалпы қазақ тілі және әдебиеті пән бірлестігінің жұмыстары қанағаттанарлық. 

5-8, 9-10 сыныптарда химия, биология, география пәндерінің   жүргізілуі бойынша  2022 жылдың   21- 25 қараша күндері тексеру жұмыстары жүргізіліді.  Тексеру түрі: Жан-жақты Тексеру мақсаты: Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып оқушылардың қызығушылығын ояту арқылы білім сапасын арттыру.

Жалпы мектептегі білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары мен орта білімнің ережелеріне, сондай-ақ базистік оқу жоспарына сүйене отырып пәндер бойынша стандарттың орындалуы тексерілді.  9 б сыныбы Оспанжанова Әсел биология пәні. «Ферменттер» тақырыбы. 

Сыныпта 16 оқушы болды, оқушылардың сабаққа қызығушылығы жоғары. Көптеген терминдерді оқушылар атап отыры. Жаңа тақырып АКТ көмегімен түсіндірілді. Топтық жұмыста мақсат алдын ала айтылмады. Жаңа тақырып бойынша ферменттердің қасиеттеріне толық тоқталу ұсыныс ретінде айтылды.Мұғалімде орта мерзімді жоспар бар, ҚМЖ талапқа сай жазылған. Оқушылардың дәптері ретті емес, бірізді жүргізуге ұсыныс берілді. Күнделік толтырылған. 8 Ә сыныбы  Нұрбек Үміт биология пәні «Жануарлардың асқорыту жүйесі» Жаңа тақырыпты иллюстрациялық көрнекілікпен түсіндірді. Топтық жұмыс ережеге сәй жүргізілді. Оқулықпен, дәптермен т б жұмыс түрлері жүргізілді. ҚМЖ бөлімдерінде өзерістері түсіндірілді. Орта мерзімді жоспар ретті.   ЕББҚ тапсырмаларды дайындау, мақсатқа сай орындату ұсыныс ретінде айтылды. Дәптерлері  толық. Какенова Тоғжан Мұхтарқызың үйден оқитын 7-сынып оқушысы Еркін Үміттің биология пәні сабағына қатыстық. Сабақтың тақырыбы «Жасуша, ұлпа жүйесі». Сабақ оқушының деңгейіне байланысты құрастырылған. Өткен сабақпен байланыс бар. АКТ арқылы оқушының қызығушылығын арттыру мақсатында планшет қолданып жаңа сабақ түсіндірілді. Сабақ бойынша кейбір жаңа сөздерді дәптерге жазғызды. Ұсыныс ретінде таратпа және иллюстрациялық материалдар қолдану. Үй тапсырмасына бөлек дәптер немесе парақтар арнау керек. Себебі жұмыс дәптерін оқушы үнемі жоғалтып қояды. Өткен сабақты қайталау, үй жұмысы тексерілмей қалады. Бекіту кезеңінде сұрақ-жауапқа оқушы тиянақты түрде жауап бере алды. Намазбаева Анар Кошимбаевнаның 2 сабағына қатыстық Бірінші сабақта айтылған төмендегідей ұсыныстар екінші сабақта орындауға тырысты. Топтық жұмысты ереже бойынша ұйымдастыру. Ашық сұрақ пен жабық сұрақтар қойылғанда жеке оқушымен жұмыс жасау. Жаңа сабақты түсіндіруде түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға ұсыныс білдірілді. Оқушыларға бағаны сабақ аясында қою, сабаққа кері байланыс жасау. Мұғалімнің сыртқы бейнесіне ескерту жасалды. 6 «ә» сыныбында биология пәнінен Абеуова Жағдаттың «Әртүрлі заттардың қандай қасиеттері бар» атты сабағына қатыстық. Сабақ жоспарына сәйкес жүргізілді. Үй тапсырмасы жеке жеке дәптерлерді тексерді, «Майшамды жақ» әдісі қолданылды. Дәптермен, оқулықпен, тақтамен жұмыс жасалды. Ұсыныс ретінде топтық жұмыс және топ басшының белсенділігі көрсетілсе. Жаңа сабақты түсіндіру барысында оқушыларды да жұмысқа тарту мақсатында әдіс-тәсілдер ұйымдастырылса.  8 «Б»   сыныбында «Особенности строения» атты тақырыпта Оразымбек Гүлмираның сабағына қатыстық. Сабақтың ғылыми теориялығы жағы терең, жаңа тақырып «кто быстрый» ойынымен ашылды. Топтық жұмыс барысында оқушылар жаңа сабақты түсінгені байқалды.   Өздік жұмыста оқушылар бір-бірінің жұмысын тексерді. Ұсыныс ретінде практикалық жұмыстарды қосу, формативті бағалаудың түрлі әдістерін қолдану. 

Химия пәні 9 сынып «Металдар» атты тақырыбында Багыбаева Бұлбұл Меделхановнаның сабағы жақсартуды қажет етеді. Сабақ дәстүрлі емес, жаңартылған білім мазмұны бойынша өткізілсін. Оқушылардың көпшілігі жаңа тақырыпты түсінді және тақтада есеп шығара алды. Жалпы барлық жаратылыстану бірлестігінде сабақ беретін ұстаздардың іс-құжаттары талапқа сай жазылған. Күнделігі толтырылған, БЖБ, ТЖБ арналған құжаттары жинақталған. Жаратылыстану бірлестігінің жұмысы жалпы қанағаттанарлық.  

Мектеп директорының №343 негізге ала отырып, 05.12-15.12.22ж аралығында 5,6,7,8, 9,10,11 сыныптарда математика, информатика, физика пәндерінің жүргізілуі тексерілді.  8 «Ә» сыныбында өткізілген алгебра сабағы бойынша. Пән мұғалімі Молдабаева Гулназ.  Сабақтың тақырыбы: «Квадрат үшмүшені көбейткішке жіктеу». Сабақ жоспары №382 бұйрықпен жасалған.  Оқушылар түстер бойынша топқа бөлінді. Сәйкестендіру тапсырмасы арқылы өткен тақырыпты еске түсірді. Үлестірме карточкалармен жұмыс жасады. Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: Ойлы болсаң-озып көр.Сабақ соңында сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып өткізді. 7 «А» сыныбында  алгебра сабағын пән мұғалімі Нұрдан Айнара өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Вариациалық қатар» .Сабақ жоспары №382 бұйрықпен жасалған.  Сабақты «Жақсы тілек-жан жылуы» оқушылар тілектер айтып, жақсы көңіл-күймен бастады. Өткен сабақ бойынша мысалдармен сұрақ-жауап жүргізілді. Тапсырмаларды флипчартқа түсіріп, топпен қорғады. Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: ойлан, жұптас, бөліс. Оқушылар сабаққа бар ынтасымен жақсы қатысты. 8 «А» сыныбында  физика сабағын мұғалім  Маякова Алия жүргізеді.  Өткен сабағының  тақырыбы: «Электр өрісінің потенциалы, потенциалдар айырымы».  Оқушылар теориялық материалдармен жұмыс жасады. Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды флипчартқа түсіріп, тақтада қорғады. Жалпы МИФ бірлестігінде жұмыс істейтін барлық ұстаздардың сабақтары жан-жақты тексерілді. Сабақта жаңартылған білім беру элементтері байқалады. Сабақ жоспарлары, БЖБ, ТЖБ тапсырмалары, талдаулары талапқа сай жазылған, күнделік толық толтырылған. Бірлестіктің жұмысы қанағаттанарлық. 

Қаңтар айында ағылшын пәнінің   мұғалімдерінің сабақтарына жасалған талдау нәтижесі. Насипова М – 5 Ж сыныпта ағылышын тілі сабағын өткізеді. Сабақтың тақырыбы: «Самрұқ» Сабақ жоспарланған,мұғалімнің құжаттары талапқа сай бекітілген. Мұғалім қызметін бақылау  бөлімі бойынша барлық шкалаға балл қойылды. Оқушылармен ұйымдастыру жұмыстары толық қамтылды, жеке,топтық,жұптық тапсырмалар берілді,орындалды. Ресурстары аз, кері байланыс болды. Балағазы А -7 А  сыныпта ағылшын сабағын өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Сөйлеу және жазу». Сабақ жоспарланған,мұғалімнің құжаттары талапқа сай бекітілген.  Мұғалім қызметін бақылау  бөлімі бойынша барлық шкалаға балл қойылды. Оқушылармен ұйымдастыру жұмыстары толық қамтылды,жеке,топтық,жұптық жұмыстар берілді. Сабақ жоспары бойынша мәтіндік талдаулар, диалогтар жүргізілді.   Ресурстары бар, кері байланыс болды.Үй тапсырмасы жоспарға сәйкес берілді. Оқушылар белсенді,пәнге деген қызығушылықтары бар,дәптерлері тексерілген Ақмолдаева А- 6 Б ағылшын  сабағын өтті. Сабақтың тақырыбы: «Тамақ және сусын» Сабақ жоспарланған,мұғалімнің құжаттары талапқа сай бекітілген.  Мұғалім қызметін бақылау  бөлімі бойынша барлық шкалаға балл қойылды. Оқушылармен ұйымдастыру жұмыстары,жеке,топтық жұмыстар берілді.Сынып оқушыларына дайын карточкалар берілді,өзара диалог құрып талдау жасалды,оқушылар  белсенді.  Ресурстары бар, кері байланыс болды,оқушылар толық жұмыс жасай алды.Қалыптастырушы бағалау критерийлары таныстырылды.Үй тапсырмасы жоспарға сәйкес берілмеді.  Молдашева Ж- 9  Ә сыныпта ағылшын  сабағын өтті. Сабақтың тақырыбы: «Сөздік және тыңдау,жазу» Сабақ жоспарланған,мұғалімнің құжаттары талапқа сай бекітілген. Мұғалім қызметін бақылау  бөлімі бойынша барлық шкалаға балл қойылды. Оқушылармен ұйымдастыру жұмыстары болған жоқ,жеке,топтық жұмыстар берілді. Сынып оқушылары  белсенді. Сөздікпен жұмыс жасалды,жазуға арналған тапсырмалар болды.

 Ресурстары бар, кері байланыс болды,оқушылар барлық тапсырмаларды түсінеді,қалыптастырушы бағалау критерийлары таныстырылмады.Үй тапсырмасы жоспарға сәйкес берілді. Саламат Э- 9 Б сыныпта ағылшын  сабағын өтті. Сабақтың тақырыбы: Проект жобасын жасау Сабақ жоспарланған,мұғалімнің құжаттары талапқа сай бекітілген.  Мұғалім қызметін бақылау  бөлімі бойынша барлық шкалаға балл қойылмады. Оқушылармен ұйымдастыру жұмыстары болмады,үй тапсырмасы бойынша уақыт берілген жоқ. Жеке,топтық жұмыстар берілді.Сынып оқушылары  толық қамтылмады, белсенді емес ,тапсырмаларға тез әрі нақты жауап бере алмайды. Ресурстары бар, кері байланыс болды,оқушылар қалыптастырушы бағалау критерийлары таныстырылды. Үй тапсырмасы жоспарға сәйкес берілді. Ибраимова Е- 9 В  сыныпта ағылышын сабағы. Сабақтың тақырыбы:  «Келер шақ грамматика».  Сабақ жоспарланған,мұғалімнің құжаттары талапқа сай бекітілген. Мұғалім қызметін бақылау  бөлімі бойынша барлық шкалаға балл қойылды. Оқушылармен ұйымдастыру жұмыстары болды,топқа бөлінді,жеке,топтық жұмыстар берілді.Сынып оқушылары белсенді,тапсырмаларға тез әрі нақты жауап беріп отыр. Сабақта көрнекіліктер көп пайдаланылды,кесте құрды,диалог жасалды,сабақтағы мақсатына толық жетті. Абдыкалыкова А  9 Ә сыныпта ағылшын  сабағын өткізді.Сабақтың тақырыбы: «Жоба жоспары» Сабақ жоспарланған,мұғалімнің құжаттары талапқа сай бекітілген.Сабақта барлық оқушы камтылмады. Мұғалім қызметін бақылау  бөлімі бойынша барлық шкалаға балл қойылмады. Оқушылармен ұйымдастыру жұмыстары жеке, топтық жұмыстар берілді. Оқушылар барлық берілген тапсырмаларды орындап отыр, мұғаліммен жақсы қарым қатынаста. Ресурстары аз, кері байланыс болды. Үй тапсырмасы жоспарға сәйкес берілді.  Баймұханов А   6 Ә   сыныпта ағылшын тілінен сабақ береді. Сабақтың тақырыбы: «Speaking and writing Reading 5 с:Maadai-Kara» Сабақ жоспарланған,мұғалімнің құжаттары талапқа сай бекітілген. Мұғалім қызметін бақылау  бөлімі бойынша барлық шкалаға балл қойылды. Оқушылармен ұйымдастыру жұмыстары болмады, үй тапсырмасы тексерілмеді. Жеке,топтық жұмыстар берілді.Сынып оқушылары   толық қамтылған жоқ, белсенді емес,тапсырмаларға тез әрі нақты жауап беріп отырған оқушылар аз. Ресурстары бар, кері байланыс болды,оқушылар қалыптастырушы бағалау критерийлары таныстырылмады. Үй тапсырмасы жоспарға сәйкес берілді. Жалпы ағылшын бірлестігің жұмысы қанағаттанарлық.

 2023 жылдық ақпан айының 06 нан 15 сі аралығында тарих пәндерінің тексерілуі жүргізілді. Тұрсынбаева Рахаттың – 9 Ә,10 Б, В, Г,11 В, Б, Г сыныптарындағы гимназиялық кружок,гимназиялық компонен сабақтарының өту барысы тексерілді. Сабақ жоспарланған,мұғалімнің құжаттары талапқа сай бекітілген.  Мұғалім қызметін бақылау  бөлімі бойынша барлық шкалаға балл қойылды. Оқушылармен ұйымдастыру жұмыстары болған,ватсап желісі арқылы тапсырмалар салынған, орындалған. Оқушылардан кері байланыс болып отыр. Құжаттары жүйелі жинақталған. Берікболов Е.Қ -5 в  сынып мұғалімі,  сабақтың тақырыбы: История уйсуней и их хозяйство Сабақ жоспарланған,мұғалімнің құжаттары талапқа сай бекітілмеген.  Мұғалім қызметін бақылау  бөлімі бойынша барлық шкалаға балл қойылмады. Оқушылармен ұйымдастыру жұмыстары болмады,жеке,топтық тапсырмалар нәтижелі болған жоқ. Ресурстары жоқ, АКТ пайдаланылмады,кері байланыс болды. Оқушылар белсенді емес,пәнге деген қызығушылықтары ашылған жоқ. Сабақ дәстүрлі форматта көбірек көрініс тапты.  Мамишев А.К.- 6 Б сыныбында  тарих  пәнінен сабақ береді. Сабақтың тақырыбы: Развитие духовной культуры в XIII  в  Сабақ жоспарланған,мұғалімнің құжаттары талапқа сай бекітілген. Мұғалім қызметін бақылау  бөлімі бойынша барлық шкалаға балл қойылды. Оқушылармен ұйымдастыру жұмыстары болды, сыныпқа жағымды атмосфера жасалды. жеке,топтық жұмыстар берілді.Сынып оқушылары   толық қамтылмады, оқушылар белсенділігі төмендеу болды. Топтық тапсырмалар тек ауызша берілді. Кері байланыс болды,оқушылар толық жұмыс жасай алды.  Үй тапсырмасы жоспарға сәйкес берілді. Тарих бірлестігінде сабақ беретін басқа ұстаздардың іс құжаттары, күнделіктің толтырылуы тексерілді, жалпы барлық құжаттар талапқа сай жасалған. Сабақ кезінде мұғалімдер жаңа әдіс тәсілдерді қолдана бәледі, оқушылары топтық, жұптық, жеке жұмыстарға жақсы бейімделген. Қорыта келгенде бірлестік мұғалімдерінің жұмыстары қанағаттанарлық. 

ІІІ.Мемлекеттік стандарттың орындалу барысы

Бастауыш, негізгі орта, орта  білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының орындалуы туралы

  1. Үлгілік оқу жоспары – оқу пәндерінің тізбесін регламенттейтін және тиісті білім беру деңгейінің оқу жүктемесінің инвариантты және вариативті компоненттерінің көлемін айқындайтын құжат;
  2. Оқу жүктемесінің инвариантты компоненті – білім беру ұйымдарында типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан барлық білім алушылардың оқып білуі үшін міндетті оқу пәндерін айқындайтын үлгілік оқу жоспарының құраушы компоненті.
  3. Оқу жүктемесінің вариативтік компоненті – білім алушылардың білімге деген қажеттіліктеріне сәйкес білім беру ұйымдары айқындайтын үлгілік оқу жоспарының құраушы компоненті;

№19 көпсалалы мектеп-гимназиясында 2022-2023 оқу жылына арналған оқу жүктемесі арнайы комиссияның шешімімен бірлестіктерге бөлініп берілді.

Вариативті және инварианттық оқу жүктемелері:

Бастауыш қазақ сыныптарының  бірлестігіне 255 сағат

Бастауыш орыс сыныптарының бірлестігіне 180 сағат

Бастауш ұйғыр сыныптарының бірлестігіне 51 сағат 

Қазақ тілі және әдебиеті бірлестігіне 334 сағат

Орыс тілі және әдебиеті бірлестігіне 260 сағат

Ұйғыр тілі және әдебиеті бірлестігіне 30 сағат

Шет тілі бірлестігіне 305 сағат

МИФ бірлестігіне 444 сағат

Жаратылыстану бірлестігіне 226,5 сағат

Өнер бірлестігіне 187 сағат

Тарих бірлестігіне 183 сағат

Дене шынықтыру бірлестігіне 252 сағат бөлініп берілді.

Қосымша,  гимназиялық компонентке -324 сағат, гимназиялық кружоктарға -324 сағат, үйде оқытуға 463 сағат бөлініп, жалпы  4124 сағатпен оқу жылын бастадық.  10-11 сыныптар пәндердің оқытылуы бойынша екі бағытқа бөлінді:

Жаратылыстану-матиматикалық бағытта – 10а,10д,11а,10б,11б сыныптары білім алуда.

Қоғамдық-гуманитарлық бағытта – 10ә,11ә,10в,11в,10г,11г сыныптары білім алуда.

Бастауыш, негізгі орта, орта   білім  беруге арналған оқу бағдарламаларының орындалуы: 

Барлық пәндер бойынша жоспарға сәйкес бағдарламалар орындалуда. Бастауыш сынып бойынша «Әліппе» оқу пәні 2021 жылғы 26 наурыдағы №123 бұйрығымен бекітілген бағдарламаға сәйкес орындалды. Қазақ тілі, әдебиеттік оқу, русский язык, ұйғыр тілі, математика, жаратылыстану, дүниетану т.б. пәндері ҚР БҒМ 2018 жылғы 10 мамырдағы №199 бұйрығымен бекітілген бағдарламаға сәйкес жасалды. 2022-2023 оқу ыжылында еңбекке баулу, бейнелеу өнері пәні көркем еңбек пәнінен бөлек пән ретінде ұйымдастырылды.   Сондай-ақ, үлгілік жоспарға сәйкес вариативті комроненттер есебінен элективті курстар жоспары жасалды. 

5-11 сыныптарда  барлық пәндер бойынша оқу бағдарламасы функционалдық-коммуникативтік бағытқа негізделіп құрастырылды.  Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (2021 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) жүзеге асырылды. ҚР БҒМ 2019 жылғы 7 наурыздағы №105 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 наурызда № 18382 болып тіркелді) бекітілген Ұзақ мерзімді жоспар негізінде жүзеге асырылады.

 «Жаһандық құзыреттіліктер» курсы  бойынша бағдарламалар Академия сайтында орналастырылған ресурстар мен авторлық әзірлемелер пайдаланылды. 

          Химия пәні бойынша №352 бұйрық 2017 жылғы 27 шілдедегі басшылыққа ала отырып, 10,11-сыныптарға жаратылыстану-математика бағытында «Көміртегі және қосылыстар» тақырыбы алынып тасталды. Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныптар «Химия реакциялардың энергетикасы» тақырыптары алынып тасталды. 

           Вариативтік және элективті курстардың бағдарламалық жоспарлары академия сайтында жүктелген әзірлемелерден алынды.

          27 тамыз 2022 жылы ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлар әдістемелік бірлестік отырысында қаралып, бекітілді. 28 тамыз әдістемелік отырыста қаралып әдіскер және директормен бекітілді. 

IV.Мұғалімдермен жұмыс (түбегейлі тексеріс бойынша)

Тексеру мақсаты: Пән мұғалімдерінің сабақ беру шеберліктерін бақылау. Ғылыми-теориялық білімдерінің тереңділіктерін айқындау, сабаққа дайындықтарын тексеру. Әдістемелік көмек көрсету. 

Ерлан Қарашаевич тарих пәні мұғалімі 9 «е» сыныбында сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы, мақсаты айтылмады. Сабақтың басынан бастап тек мұғалім тарапынан сұрақтар қойылды. Бірін оқушы түсінсе, бірін түсінбей мүлдем жауапсыз қалған сұрақтар болды. Мұғалім тарапынан ол сұрақтар түсіндірілмеді. Ешқандай жұмыс түрі болмады (тақтамен, оқулықпен, дәптермен) тек ауызша сабақ жүргізілді. Мұғалімнің қолында орта мерзімді жоспар КТП №399 бұйрық негізінде қаралмаған. ҚМЖ жоқ. Ұсыныс барысында 35 жыл еңбек өтілімі бар мұғалімге бұл құжаттар қажет емес деген уәж айтты. Бақылау нәтижесі негізінде мұғалімге түсіндіру жұмыстары жүргілді, әдістемелік көмек көрсетілді, сабақтарына оқу жылының екінші жартысында мектеп әкімшілігі қатысты. Нәтижесінде мұғалімнің сабақ өту методикасы жақсарып, сабақ жоспарлары талапқа сай жазылғаны анықталды. Джалилова Рашидам орыс тілі пәні мұғалімі.  3 «ж» сыныбында «Круглый год» тақырыбында аралас сабақ өткізді. Сабақ басында «Шаттық шеңберін» жасады. Үй тапсырмасы дәптерде тексерілді. Сөздікпен жұмыс жүргізіп, жаңа тақырыпты түсіндірді. Сабақты жаңартылған білім мазмұны бойынша әдістер қолданылмады. Дәстүрлі сабақта сұрақ-жауап, тақтамен, дәптермен, оқулықпен жұмыс жүргізілді. Ұсыныс ретінде сабақты түрлендіру, сабаққа дайындықпен келу, формативті бағаны қолдану айтылды. Тороманова Р. мектепалды даярлық  мұғалімі, ұстаздың «Фигуралар» тақырыбындағы сабағына қатыстым. Сабақта оқушылардың оқу-құралдары толық, белсенділіктері жоғары. Аталған тақырыпқа байланысты өте көп иллюстрациялық материалдар қолданылды. Оқушылар фигураларды ажырата алды. Сынып ортасында аяқ іздерімен кубик арқылы ойын ойнатылды. Бекіту кезеңінде оқушылардың дәптерін тексеріп шықтым, аталған фигураларды салып, сәйкесінше бояулармен бояй алды. Демек оқушылар жаңа сабақты түсінді. Ұсыныс ретінде мұғалімге толымды сөйлемедермен сөйлеу, тілдік дағдыларын дамыту, әр оқушының жауабын есепке алу және формативті бағалауды сабақ бойы болмаса да кейбір кезеңдерінде қолдану деген ұсыныстар айтылды. Мектепішілік бақылау аясында 27.04.2023 жылы ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Абдыкалықованың  8 а сыныбындағы сабағына арнайы комиссия қатысты.  Өткен сабағының тақырыбы: Should und Mugt. Ұйымдастыру барысында екі топқа бөліп алды. Оқушылар түсінуі үшін арасында қазақша сөйлеп отырды. Тақырыпқа сай көрнекіліктері тақтаға ілінген. Ережелерді жазуды тапсырды. Оқушыларды түгендеді. Оқулықтарын тексеріп алды. Мадальді етістікті түсіндірді. Негізінен алғанда мұғалім-оқушы қатынасы орнады. Оқушыларды жеке шақырып сөздерді аударуды тапсырды. Аудармалары жаман емес. Аударуға дағдыланған. Постермен жұмыс жасап, қорғады. Дәптермен жұмыс жолға қойылған. Негізгі төрт дағды: оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым болды. Саралау тәсілін қолданып, с оқушыға қолдау жасады. Өзін-өзі бағалау парақтарын таратты. Рефлексия жасалды.  27.04.2023 жылы ағылшын тілі пәні мұғалімі К.Асанованың сабағына арнайы комиссия қатысты.  Класс: 4Ә. Тақырыбы: Slow machine. Ұйымдастыру сәті орындалды. Екі топқа бөліп алды. Бірі «Ноутбук», екіншісі «Компьютер» тобы болып аталды. Өткен сабақты еске түсіру үшін сұрақ-жауап тәсілін қолданды. Оқушылар мұғалімнің айтқан сөзін қайталады. Айтылым дағдысын қолданды. Арасында қазақша түсіндіріп өтті. Тақтамен жұмыс, қадағалап кері байланыс беріп отырды. Оқушылар тақтаға барып сөйлем жазғанда, оқулыққа қарамай-ақ жазуға дағдыланған екен. Пазл арқылы сәскестендіру тапсырмасын орындатты. Балалар сурет пен сөзді сәйкестендірді. Сергіту сәті орындалды. Бұл да ағылшын тіліндегі ән арқылы және соған сай қимыд жасау арқылы орындалды. «Дұрыс», «Бұрыс» тапсырмасы орындалды. Буфер арқылы тыңдалым жасатты. Әр тапсырмаға балл берді. 27.04.23 күні ағылшын тілі пәні мұғалімі Гаитова Алимам Иляхуновнаның 7 «Г» сыныбындағы «A covering litter» тақырыбындағы сабағына комиссия мүшелері қатысты. Сабақтың құрылымы мен тақырыбы стандартқа сәйкес. Сабақты топтық жұмыспен ұйымдастырды. Екі топ бір –біріне сұрақ қою арқылы үй тапсырмасын тексерді. Жаңа сабақтан соң тақтамен жұмыс болды. Оқушылар ағылшын тілінде мұғалімнің берген тапсырмасын түсініп отыр, сабақ барысында иек ағылшын тілінде жауап беруге тырысты.  7 сыныпта ағылшын тілі пәні мұғалімі Нурикулова Асем Кенесбаевнаның «Relatives» тақырыбындағы сабағына  арнайы комиссия мүшелері қатысты. Өткен сабақтарында мұғалім оқулықпен жұмысқа көп назар аударып сабақта дағданың басқа түрлері орындалмай жатса, бұл сабақта оқылым, жазылым, айтылым мен тыңдалым дағдыларын толық кіріктірген. Сабақтың темпі өзгерген. Барлық оқушыны қамта мақсатында ойластырылған тәсілдер арқылы мұғалім өз мақсатына жетті. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Молдашева   Жанеркенің    9 а    сыныбында өткен сабағына комиссия мүшелері қатысты. Тақырыптық-күнтізбелік  жоспары бар, бекітілген. ҚМЖ тексерілген,   қол қойылған. Оқушылармен ұйымдастыру жұмыстары толық қамтылды, жеке, топтық, жұптық тапсырмалар берілді, оқушылар жоғары деңгейде орындады. Оқушылар өз ойларымен  ағылшын тілінде жеткізе алды.  Қалыптастырушы бағалау критерийлары таныстырылды. Сынып оқушыларына дайын карточкалар берілді, өзара диалог құрып талдау жасалды, оқушылар   белсенді. Ресурстар аз, кері байланыс болды. Оқушылар барлық берілген тапсырмаларды орындап отыр, мұғаліммен жақсы қарым қатынаста. Үй тапсырмасы жоспарға сәйкес берілді. Аудио тыңдалым арқылы ағылшын тілінде мәтін тыңдады. Оқушылар аудармасын жазып, жекелеген жұмыстар орындады.  Оқушылар белсенді, пәнге деген қызығушылықтары бар. Тақтамен жұмыс , сөздік дәптерлеріне   қазақша-ағылшынша аудармаларын жазу,  тақтамен жұмыстар жүргізілді.   Оқушылардың жұмыс дәптерлері уақтылы тексерілген, жазба жұмыстары,үй тапсырмалары талапқа сай.  Мұғалім қызметін бақылау  бөлімі бойынша барлық шкалаға балл қойылды. Мұғалім сабақты өз дәрежесінде өтіп шықты.  Мұғалімнің өзін – өзі ұстауы, оқушылармен қарым – қатынасы өте жақсы. Математика пәні мұғалімі   Меирманова  Қымбаттың    9 ә   сыныбындағы сабағына арнайы комиссия мүшелері қатысты. Тақырыптық-күнтізбелік  жоспары бар, бекітілген. ҚМЖ тексерілген,   қол қойылған. Тригонометриялық өрнектерді теңбе – тең түрлендіру тақырыбындағы сабағына қатыстым. Мұғалім сабағын талапқа сай өз деңгейінде өтті. Алдыңғы 9 ж сыныбындағы сабақта кеткен кемшіліктерді қайталамады. Әр – түрлі әдіс тәсілдерімен топқа, жұпқа бөлініп бүгінгі сабақты түрендіріп өткізген   арқасында    оқушылар жарыса  есептер шығарды.  Әр тапсырмадан кейін балл қою арқылы бағалап отырды. Тақтамен жұмыстар көп жүргізілді. Сабақ соңында оқушылардың пікірін білу мақсатында кері байланыс ұйымдастырылды. Мұғалімнің өзін – өзі ұстауы, оқушылармен қарым – қатынасы өте жақсы.  Жалпы 2022-2023 оқу жылында жоспар бойынша түбегейлі тексеріске түскен мұғалімдердің іс-құжаттары, сабақ өту методикасы, көрсетіп отырған білім сапасы талапқа сай, қанағаттанарлық дәрижеде.  Тек тарих пәні мұғалімі Берикболов Ерлан Қағазшаевич келесі оқу жылында қайта тексеріске қойылады. 

VІ.Тәрбие жұмысының тақырыптық тексерістері.

№19 көпсалалы мектеп-гимназиясы бойынша сынып сағаттар әр дүйсенбі күні бірінші сабақта ұйымдастырылады.    Сынып сағаты – бұл сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. Ол оқушылардың қоршаған әлемге қарым – қатынас жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.Сынып сағаты – бұл құрамы және құрылымы бойынша тәрбие әрекеттестігінің икемді формасы. 1 – 11 сыныптардың сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі жаңа оқу жылына сынып сағаттарының өткізілуі барлық сыныптарға бірыңғай бір күнге бірінші сабақ болып белгіленеді.Сынып сағаты әрбір сыныпта әр аптаның дүйсенбісі өткізіліп, оқу сабақтарының кестесіне қойылған. Сынып сағатын дайындау және өткізуде оның негізгі үйлестірушісі және тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыруға жауапты сынып жетекшілер болып бекітілді. Барлық сынып жетекшісі сынып сағаттың мақсаты және міндеттерімен таныстырылды. Сынып сағатында саяси, экономика және әлеуметтік өмірдің, өзі туралы, жақындары туралы, нақты өмір туралы мәселелері бойынша, азаматтық көзқарасты, адамгершілік – эстетикалық қасиеттерді, достарын түсінуге үйрету, оларға мәселелерді шешу, қарым-қатынаста болу, ынтымақтастықта болу, әрекеттестікте болу ықыласты арттыру,субъевтиктілік және даралығының қалыптасуы мен білінуіне олардың шығармашылық мүмкіндіктеріне жағдай жасау,эмоционалдық – нәзік орта мен құнды қарым-қатынас қалыптастыру,танымдық және практикалық – жасампаз әрекеттің білім, білік, дағдыларын игеру, дамуы және тіршілік әрекеті үшін қолайлы орта ретінде сынып ұжымын қалыптастыру мақсатында жұмыс жасайды. Сынып жетекшілер сынып сағатының дайындық және өту барысында талқыланып отырған мәселелерге оқушылардың қызығушылығымен белсенділігін оятуда олардың санасына, сезіміне әсер ететін әр түрлі амал – тәсілдерді қолдануда. Сынып сағатының сапасын бағалауда ішкі және сыртқы тиімділігі критерилері бойынша бағаланды. Оқушылардың ЭССЕ, пікір түрінде жазған жұмыстары сынып сағатының сыртқы тиімділігін көрсетсе, ішкі тиімділігін директордың тәрбиес жұмысы жөніндегі орынбасарлары Б.Әпек , М.Касабеков бағалап отырды. 

«Ержігіт» ұлдар ұйымының жұмысы мектебімізде жақсы жолға қойылған.    Бүгінгі күні отбасылық құндылықтар аса көп өзгерістерге ұшырап, отбасы қарым-қатынасының бұзылуы жиі орын алуда. Ұлдардың өз жігіттік табиғатына тән қасиеттерін сақтап, өз орынын таба білуіне жәрдем беру, сырласу алға қойылған жөн. Ұйымның мақсаты: Ержүрек , Отанына деген ерекше ықыласы бар, намысқой,жеті қырлы бір сырлы, ата-баба салтын сақтай білген қаһарман, өнерлі,болашағы жарқын ұлдар тәрбиелеу. Осы мақсатқа орай мектебімізде ұлдармен жұмыстар жүргізіліп жатыр.Ұлдар ұйымында 11 ұл  жұмыс жасайды.Ұйымның жетекшісі дене шынықтыру пәні мұғалімі Маратжан Шыңғыс, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімі Азамат Сәрсенберліұлы тағаайындалды.. Ұйымның басшысы 10 «Ә» сынып оқушысы Омарқан Ғалым. Ұйымның құрылған  жоспары бойынша жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ұйымдастыру жұмыстары бойынша;«Тазалық-басты байлық» тазалық қарау, бақылау апатасына екі рет жүргізілді онда ұйым мүшелері тазалықшылары атқарылды және мектеп медбикесі мен әңгіме жүргізілді.Ұлдар  жиналысын өткізу айына бір рет. Мерекелік қабырға газеттерін шығару. Мереке күндері қарсаңында мерекелік газеттер шығару.  Өткізілген шаралар; «Ұл тәрбиесі-жауапкершілікті іс» баяндама оқылды. Ұлдар жиналысы өтілді. Онда ұлдар ұйымының тазалықшыларды,оқу секторларын сайланды. «Салауаттылық-салтымыз» баяндама оқылды.Күз мерекесі қарсаңында мектеп жігіттері «Берекелі алтын күз» мерекесіне құттықтауға белсене ат салыса қатысты.Жиналысында «Өмір қымбатсың маған!»ағымдағы мәселелер айтылып, сабақ өтілді. «Салауаттылық салтымыз баяндама» оқылып ұлдардың  мектеп формасын киулерін, шаштарына қысқартып, мектепке сай үлгіде ұстау ұсынылды. 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай мектеп ұлдары арасында «Елім деп соққан жүрегім» атты тақырыпта ел басқарған,жерімізді қорғаған батыр ағаларымыз туралы ақпарат берілді.  «Ұл бала-ұлт блашағы» тақырыбында оқушы ұлдарға арналған ер баланың жүріс-тұрысы,сырт бейнесі туралы пікіралмасу, баяндама оқылып талданды. Оқушы ұлдарға арналған шаш сән үлгісі туралы пікіралмасу өтілді. «Зиянды заттардан өзінді қорға» ұлдарға арналған кеңестер беру Мектепт медбикесі қатысуымен өткізіліліп кеңес берілді. Қаңтар айында ұл балалардың мұғалімдер арасында этикалық қарым-қатынас жағдайы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ақпан айынын 13.02.2023 ж «Салауатты өмір салтын ұстану» тақырыбында мектеп медбикесі 8-11 сынып ұлдарының арасында жыныстық тиіспеушілік, инфекциялық аурулар, жеке бас гигенасы туралы ақпараттар берді.  Наурыз айының 4.03.2023ж 1-4 сыныптар ұлдар арасында ерте жастан шеберлікке үйрету мақсатында «Артық болмас білгенің...», «Жігітке жеті өнерде аз» тақырыбында танымдық жұмыс түрлері жүргізілді. Сәуір айында «Махаббат-өмір көркі», «Әдептілік-адамгершілік бастауы» тақырыбында кезекті кездесу жұмыстары жүргізілді.  

«Еркеназ» қыздар ұйымының жұмыстары оқу жылының басынан бастап қанағаттанарлық дәрижеде ұйымдастырылды. Бүгінгі күні отбасылық құндылықтар аса көп өзгерістерге ұшырап, отбасы қарым-қатынасының бұзылуы жиі орын алуда. Қыздардың өз әйел табиғатына тән қасиеттерін сақтап, өз орынын таба білуіне жәрдем беру, сырласу алға қойылған жөн. Ұйымның мақсаты: Ізетті, инабатты, адамгершіліктің асыл  қасиеттерін терең түсіне білетін, қазақ қыздарына тән қасиеттерді, ары таза, сымбатты да сұлу, сыпайы, биязы, өнерлі, болашаға жарқын қыздар тәрбиелеу.

Осы мақсатқа орай мектебімізде қыздармен жұмыстар жүргізіліп жатыр.Қыздар ұйымында 11 қыз жұмыс жасайды.Ұйымның жетекшісі мектеп информатика пәні мұғалімі  Молдабекова Айдана және ағылшын тілі пәні мұғалімі Асанова Камила. Ұйымның басшысы 9 «Ә»сынып оқушысы Бақытқызы Жансая. Ұйымның құрылған  жоспары бойынша жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ұйымдастыру жұмыстары бойынша;«Тазалық,тәртәп басты талап» тазалық қарау, бақылау апатасына екі рет жүргізілді онда ұйым мүшелері тазалықшылары атқарылды және мектеп медбикесі мен әңгіме жүргізілді.Қыздар жиналысын өткізу айына бір рет. Мерекелік қабырға газеттерін шығару. Мереке күндері қарсаңында мерекелік газеттер шығару. Өткізілген шаралар; «Бой түземей –әуелі ой түзеу» баяндама оқылды. Қыздар жиналысы өтілді. Онда қыздар ұйымының тазалықшыларды,оқу секторларын сайланды. «Қызға қырық үйден тыю» баяндама оқылды.Ұстаздар мерекесі қарсаңында «Ұстазым менің ұстазым» мерекесіне құттықтауға ат салыса қатысты.Жиналысында «Өмір қымбатсың маған!»ағымдағы мәселелер айтылды. «Арулар асыл жандар» сабақ өтілді. «Салауаттылық салтымыз баяндама» оқылып қыздардың  мектеп формасын киулерін, шаштарына ақ бантик тағуларын ұсынылды. «Қыздар сұлу көрінер қылығымен» қыздарға арналған қарапайым кеңестер берілді. «Қыз тәрбиесі ұлт тәрбиесі» баяндама оқылып талданды. «Қыздың көркі шаш» оқушы қыздарға арналған шаш сән үлгісі туралы пікіралмасу өтілді. «Сен қалай өсіп жетілесің»қыздарға арналған кеңестер беру Мектептегі медбикесі қатысуымен өткізіліліп кеңес берілді. «Арулар аз болды ма атқан қонған?!» тақырыпта қыздар ұйымының ұйымдастыруымен Хиуаз Доспанова арналған танымдық кеш ұйымдастырды.  Қаңтар айында қыз балалардың мұғаліммен этикалық қарым-қатынас жағдайы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ақпан айынын 11.02.2023 ж «Қыздың ұяты шешеге», «Салауатты өмір салтын ұстану» тақырыбында мектеп медбикесі 8-11 сынып қыздарының арасында ерте жүктіліктін алдын алу, жыныстық тиіспеушілік, инфекциялық аурулар, жеке бас гигенасы туралы ақпарат берді. Наурыз айының 4.03.2023ж 1-4 сыныптар қыздар арасында ерте жастан шеберлікке үйрету мақсатында «Артық болмас білгенің...» тақырыбында қағазбен,матамен жұмыс түрлері жүргізілді. «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» тақырыбында 5-10 сыныптар арасында аналармен кездесу жұмыстары ұйымдастырылды. Аналар, қыздарға өз кеңестерін беріп,ашық әнгіме жүргізді. Сәуір айында «Махаббат-өмір көркі», «Әдептілік-адамгершілік бастауы» тақырыбында кезекті кездесу жұмыстары жүргізілді.  



Мектеп әкімшілігі

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив