Қағазов Бақтыбек Амантайұлы » «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 19 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№19 көпсалалы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7277) 44-82-16
Есепші бөлімі:
+7(7277) 44-82-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
март
2022

Қағазов Бақтыбек Амантайұлы

Қағазов Бақтыбек Амантайұлы 

«Өрлеу» БАҰО филиалы ҚР ББЖ ҚБАРИ Менеджмент және инклюзивті білім беру кафедрасының аға оқытушысы.

Бақтыбек Амантайұлы 1997 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген. 1997-2001 жж. Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Тасбұлақ орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі, 2001-2002 жж. «Хабар» радиосы, жаңалықтар қызметінің аудармашы редакторы, 2002-2005 жж. Алматы облыстық мұрағат басқармасының жетекші маманы, Қазақ радиосындағы «Мұрағаттар сөйлейді» хабарының редакторы, 2005-2006 жж. Қазақстан ұлттық телеарнасы, Алтын қор бөлімінің тарихи-саяси бағытындағы жұмыстарына жауапты редактор-бейнеқоршы, 2006-2008 жж. Алматы облысы, Талғар ауданы, №28 орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2008-2009 жж. «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, «Қазақ ру-тайпаларының тарихы» ғылыми жобасының аясында жарық көрген монографиялық еңбектердің жекелеген тарауларының авторы, 2009 жылдан Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институттың Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының әдіскері, кейін аға оқытушысы.  Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру деңгейлік бағдарламаларының шеңберінде Кембридж университеті Халықаралық емтихан кеңесі сарапшылары әзірлеген Бағдарлама бойынша бірінші (ілгері), екінші (орта) және үшінші (базалық) деңгей бойынша тренерлерге арналған курстарды тыңдағаны жайлы сертификаттардың иегері. ББЖ КБАРИ тарихы бойынша жазылған «Ұлағатты ұстаздар мекені» кітабы авторларының бірі. 2012 жылдан бастап 3-ші және 2-ші деңгей бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының тренері қызметін атқарып келеді. 

ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған «Тәрбие құралы» авторларының бірі (Қажиева Г.Т., Қасымбек А.А., Кағазов Б.А.). 2012 ж. 

Көптеген республикалық басылымдарда мақалалары жиі жарияланып тұрады.  

2015 жылы жарияланған материалдары: 

  • «Деңгейлік бағдарламалар идеясының әліппесі» әдістемелік нұсқаулығы, 
  • «Бесбалдық жүйе: бағалау ма, жазалау ма?» мақала. «Айқын» газеті, 23 қыркүйек,
  • «Бағалаудың жаңаша моделі – бағалаудағы жаңаша көзқарас» мақала, «Қазақстан мұғалімі» газеті.
  • «Еуразия» арнасындағы «Ашығын айтқанда» хабарына сарапшы болып қатыстым. 23,24 мамыр.

2016-2017 жж. жарияланған материалдары:

  • «Қазақ болмысы». Эссе. «Тәуелсіз Қазақстан және әлемдік қауымдастық» халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинағы. Алматы, 2016 ж.;
  • «Біліктілік арттыру ісіндегі бетбұрыс». Мақала. «Педагогика және оқушы психологиясы» республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналы,
  • Алматы, №6, 2016 ж.;
  • «Елді бірлікке ұйыстырудағы тарих пәнінің рөлі». Мақала. «Білім берудегі менеджмент» журналы. 2016 ж. №1., 
  • «Білім мазмұнын жаңарту және тарихты оқыту ерекшеліктері». Мақала. «Қазақ тарихы» журналы. (ҚР Жоғары Аттестациялық Комиссиясы  (ВАК)  ұсынған ғылыми басылым) 2017 ж. №4, 33-бет.
  • «Рефлексия жасау мұғалімнің өзін-өзі дамыту құралы ретінде» әдістемелік нұсқаулығының авторы.
  • «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде мектептің тәрбие жұмысы мазмұнын жаңарту жолдары» нұсқаулығының авторы. 2016 ж. 

2016-17 жылдары ҚР Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша тренерлік курсты аяқтаған. 

2020 жылы «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында тарих пәні мұғалімдерінің талдау және зерттеушілік дағдыларын дамыту» педагогтердің біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрлігінде бекітілді, контенті әзірленуде. 

2022 Алматы облысы Талғар ауданы Қызық –Қайрат ауылы №19 мектеп-гимназияда директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив