01
март
2022
Мектеп тарихы
№19 орта мектеп Қызыл-Қайрат ауылында орналасқан. Ашылған уақыты 1987 жылдың қыркүйек айы. Барлық үй жайлардың жалпы алаңы-6105,5м2. Барлық ғимараттардың жұмыс алаңы-6035,5м2. Сынып бөлмелерінің саны-45. Мектепте бір 16 орындық мультимедиялық, 2 информатика кабинеті (25 компьютер), химия және биология бөлмелері қазіргі заманға сай интерактивті тақтамен жабдықталған. Мектептің акт залы-210 м2, асхана- 100 м2 ( 64 орынға), кітапхана-66 м2, медициналық бөлме-24 м2, спортзал- 230 м2 және стадион. Оқу кабинеттері: қазақ тілі мен әдебиеті-4, орыс тілі мен әдебиеті-3, математика-3, ағылшын тілі-2, тарих-1, химия-1, физика-1, география-2, АӘД-1, өзін-өзі тану -1.
Мектепте 110 жоғары білімді, 5 арнаулы орта білімді мұғалімдер қызмет атқарып жүр. Мектепте оқу процесі үш тілде жүргізіледі: қазақ, орыс және ұйғыр. 2016-2017 оқу жылын 63 сынып комплектісі бастады. Сыныптар тұрақтылығы-18,1. Мектепте 2 ауысымда 6 күндік жұмыс кестесімен жұмыс ұйымдастырылды.
2016-2017 оқу жылында жыл басын 1219 оқушымен бастап, соның ішінде 1-4 класс- 610, 5-9 кл-520, 10-11 кл-89.
Мектепте 110 жоғары білімді, 5 арнаулы орта білімді мұғалімдер қызмет атқарып жүр. Мектепте оқу процесі үш тілде жүргізіледі: қазақ, орыс және ұйғыр. 2016-2017 оқу жылын 63 сынып комплектісі бастады. Сыныптар тұрақтылығы-18,1. Мектепте 2 ауысымда 6 күндік жұмыс кестесімен жұмыс ұйымдастырылды.
2016-2017 оқу жылында жыл басын 1219 оқушымен бастап, соның ішінде 1-4 класс- 610, 5-9 кл-520, 10-11 кл-89. Оқушылар осы оқу жылын күрделі жөндеуден өткен мектеп табалдырығынан бастады. Білім сапасы оқу жылының аяғында -60 пайыз көрсетті.
Мектабіміз 2017-2018 оқу жылында №19 көпсалалы мектеп-гимназия атанды. Оқу жылын 1299 оқушымен бастадық. Оның ішінде 1-4 класс 607 оқушы, 5-9 класс 600 оқушы, 10-11 класс 92 оқушы. Мектепалды даярлық тобы 135 бала, жалпы сынып комплект 0-11кл 79. Мектепте сабақ математика және ағылшын тілі бағытында жүргізіледі.