«Тіл-ұлттың тірегі» тақырыбында салтанатты іс-шара
«Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№19 көпсалалы мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Тіл-ұлттың тірегі» тақырыбында салтанатты іс-шара
2024-2025 оқу жылы
Бүгін 2024-2025 оқу жылының алғашқы лездемесінде «Тіл-ұлттың тірегі » атты қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің тіл мерекесіне орай апталықтың ашылуы өтті. Лездемеге мектеп-гимназия директоры Нурбол Отегенович, тәрбие бөлімі, қазақ тілі пәні ұстаздары, сынып жетекшілер, 8-11 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: Оқушыларды өз халқын, тілін, туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу. Оқушылардың тілін, ой-өрісін дамыту, мәнерлеп оқуға машықтандырып жетілдіру. Туған тілдің қадірін білу, сол жолда аз еңбек, ерлік істемегенін білу. Оқушыларға ана тілін сүюге, ардақтауға, қадірдеуге және тілдің қоғам өмірдегі маңызын түсінуге шақыру. Бұл іс-шараға оқушылар белсенді қатысты, тіл туралы бірнеше тілде өлең оқып, би билеп, күйде тартылды. «Бәйге» атты сұрақ-жауап бөлімінде оқушылар белсенділік танытып, сұрақтарға жауап берді. Тіл-басты байлығымыз, сәніміз, ата-бабамыздың ұлы мұрасы. Ана тіліміздің мәртебесі биіктей берсін!