07
ноябрь
2022
«Қасиетті өлке, киелі мекен» атты облыстық шығарма байқауы
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай Қазақстан халқы Тілдері мерекесі айлығы аясында оқушылардың патриоттық сезімін нығайту, шығармашылық әлеуетін, лингвистикалық капиталын дамыту мақсатында «Қасиетті өлке, киелі мекен» атты облыстық шығарма байқауының қорытындысы 2022 жылдың 10 қараша күні Қонаев қаласының қалалық кітапханасында өткізілді. Шығарма байқауына Алматы облысы бойынша (9-11 сынып оқушылары) 45 үміткер өтінім білдірді. Қатысушылардың жолдаған шығармалары антиплагиатқа тексеріліп, қазылар алқасының шешімі бойынша бірқатар оқушыларға ынталандыру сыйлығы берілді. Олар: Алатау ауылдық округіне қарасты Қызыл-Қайрат ауылы № 19 орта мектептің оқушысы Ақылбек Ақнұр.

