16-желтоқсан Тәуелсіздік күні
Қызыл-Қайрат ауылы №19 көпсалалы мектеп-гимназиясында 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 31 жыл толуына орай іс-шаралар болып өтті. «Елімінің бақытын тербеткен –Тәуелсіздік» атты библографиялық шолу, бұрыш ұйымдастыру жұмыстары,"Менің Туым! Менің Отаным!" Тәуелсіздік күніне сынып ішін безендіру жұмыстары,«Елімнің бақытын тербеткен -Тәуелсіздік» тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. «Елімнің бақытын тербеткен -Тәуелсіздік» тақырыбында тілдер бірлестігі оқушылардан эссе жұмыстарын алды. "Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы" кездесу, «Тәуелсіз ел ұланы» Бейне құттықтау (видео),"Тәуелсіздік тұғыры биікте" Патриоттық әндер челленджі, «Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік» спорттық жарыс ұйымдастырылды. «Желтоқсан құрбандарына тағзым ету» ұшқыр ой дебат клубымен кездесу, «Менің елім-Тәуелсіз Қазақстан!»атты сурет көрмесі, Барлық сыныптарда ашық сынып сағаттары өткізіліп, бейнероликтер көрсетілді. «Тәуелсіз елім -Қазақстан» атты 9 сыныптар арасында дайындаған мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында педагог ұйымдастырушы Жолсейтова Ақботанаың ұйымдастыруымен Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас қыран » балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті. Мектебіміздің үздік оқушылары Республикалық бірыңғай «Жас ұлан», «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылданды. Галстуктерді мектебіміздің директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары , мектеп президенті, мектебіміздегі «Жас Ұлан» ұйымының жетекшісі мен жас ұлан мүшелері және мектеп әкімшілігі тақты. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын.

