«Қош келдің, Жаңа жыл!» атты шырша мерекесі
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту минстрлігінің хаты және Алматы облысы білім басқармасының 06.12.2022 жылғы №1079 бұйрығына сәйкес, Талғар аудандық білім бөлімінің 11.12.2022 жылғы №307-н бұйрығын басшылыққа ала отырып: мектепішілік «Жаңа жылдық мерекелік іс-шараны ұйымдастыру туралы №358 бұйрығы және жоспары жасалынып бекітілді, №19 көпсалалы мектеп – гимназиясының акт залында, 1- қосымшада көрсетілген кесте бойынша «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты шырша мерекесі аталып өтті.
Акт залына шырша құрылып безендірілді, мектептің өзін өзі басқару ұйымының оқушылары, аяз ата мен ақшақардың, әр түрлі ертегі кеиіпкерлерінің костюмдарын киіп балаларға керемет көрініс көрсетіп, тамаша қөңіл күй сыйлады.
Мерекелік шыршада кезекшілік қойылып, барлық қауыпсыздық ережелері сақталды.
Мектебімізден ата- анасының қамқорлығынсыз қалған 5 «Ә» сынып оқушысы Турысбаева Даяна атты оқушымыз Қонаев қаласына, президент шыршасын тамашалауға қатысып 100 000 (жүз мың) теңге сертефикатын көмек ретінде сыйлыққа алды және Тілевтай Гүлсезім 2 «Д», Битимбай Кәусар 3 «А», Дарханқызы Сезім 4 «А» оқушылары Талғар ауданы әкімінің шыршасын тамашалауға қатысып әр түрлі тәтті сыйлықтарын алып керемет қөңіл күй мен барып қайтты. Ата- анасының қамқорлығынсыз қалған Митрофанова Анна мен Сайлыбекова Маржанға демеушілер қыстық куртка, етік, бас киім, қолғап, шарф, кофта , колготки, кулек берді. 12-23.12.22 аралығында төменде аталған оқушылар «БАЛДӘУРЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-САУЫҚТЫРУ орталығына жіберілді. Даниярұлы Ильяс 9”Ә” жартылай жетім, Кенжесариев Азамат 8 “Ә” жетім,Кунакын Аңсар 7 “А” көпбалалы.
Бастауыш ұйғыр бірлестіг ұстаздарымен бірлесе "GLOBAL EDUCATION" мектебінің атынан жағдайы төмен отбасыларға көмек берілді.



