Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №19 көпсалалы мектеп- гимназиясының 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспары » «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 19 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№19 көпсалалы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7277) 44-82-16
Есепші бөлімі:
+7(7277) 44-82-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №19 көпсалалы мектеп- гимназиясының 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
07
март
2022

Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №19 көпсалалы мектеп- гимназиясының 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

Бекітемін:_______                                                                                        

Мектеп-гимназия                                                                                         

директоры Коншибаев Н.О                                                                        





Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №19 көпсалалы мектеп- гимназиясының 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспары


План работы.  Многопрофильная школа-гимназия №19 на 2021-2022 учебный год





Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына   ҚР Білім және ғылым министрінің 16.09.2021 №472 бұйрығы  негізінде толықтырулар мен өзгерістер еңгізілді.


2021 ж.

Мектептің даму бағдарламасы
 Бағдарлама паспорты

Атауы: №19 мектеп-гимназияның 2021-2025 жылдарға арналған мектептің даму бағдарламасы

2021-2025 жылдарға арналған мектептің даму бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

1.Қазақстан Республикасының Конституциясы; 

2. Қазақстан Республикасы «Білім туралы заңы»; 

3.Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; 

4.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласы; 

5.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауы 

6.Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауы

Негізгі әзірлеуші

Мектептің оқу-әдістемелік кеңесі

Мақсаттары

оқу – тәрбие үрдісінде инновациялық технологияларды енгізу негізінде бәсекеге қабілеттібілімі тереңжалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту.

Міндеттері

білім алу мүмкіндігіне жағдай туғызу;

 - білім алу үрдісін оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету

оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру;

 - білім алушының зияткерлікрухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету;. 

материалдық-техникалық базаны нығайту. - педагогикалық білім беруді жаңғырту

оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету

Күтілетін нәтижелер

1. Жалпы білім мазмұнының сапалық жаңаруыБілім сапасының көтерілуі

2. Педагогтар мен оқушылардың АКТ құзіреттіліктерін арттыру

3. Мектеп қызметінің басқару жүйесінің жетілдірілуі.

4. Мектептің материалдық – техникалық базасының жақсаруы

Іске асыру мерзімдері

2021-2025 жылдар


Кіріспе

Бағдарламаның мақсаты:

Оқу – тәрбие үрдісінде инновациялық технологияларды енгізу негізінде бәсекеге қабілетті, білімі терең, жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту.
 
Бағдарламаның даму кезеңдері:

Жылдар

Іс-шаралар

Орындаушылар

2021-2022 оқу жылы

Даму бағдарламасын құрастыру, білім беру және тәрбие бағдарламаларын дайындау, апробациялау және енгізу;

Оқу жоспарының, бағдарламаның орындалуын ұйымдастыру. Мектеп мұғалімдерінің үздіксіз әдістемелік және психологиялық оқыту жүйесін құру; Оқушыны психологиялық, педагогикалық тұрғыда диагностика арқылы зерделеу; 

Талдау жасау.

Мектептің оқу-әдістемелік кеңесі

2022-2023 оқу жылы

2023-2024 оқу жылы

Бағдарлама іс-шараларының орындалуын ұйымдастыру, орындалу барысын бақылау, жобаларды түзету, жаңа сапалық мектептің білім беру үдерісін ұйымдастыру, білім сапасын басқару. 

Мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік деңгейін, кәсіби біліктілігін, шеберлігін дамыту; Педагогикалық және инновациялық технологияларды меңгеру және енгізу. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізу

Мектеп әкімшілігі, мектеп ұжымы

2024-2025 оқу жылы

Оқу, тәрбие және даму нәтижелерін талдау және эксперттік бағалау, нәтижелер туралы есеп беру. Шығармашылықпен жұмыс істеген мұғалімдердің авторлық бағдарламаларын шығару, іс-тәжірибелерін тарату; Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға арналған тапсырмалар жинағын шығару.

Мектеп әкімшілігі, мектеп ұжымы









Бағдарлама мониторингі

I. Мектеп қызметінің ағымдағы жағдайына қысқаша сипаттама Мектептің 2021-2025 жылдардағы білім беру жүйесінің жағдайына талдау Мектептің сыртқы және ішкі даму перспективаларын бағалау

Кадрлық ресурстар

Ішкі мықты жақтары

Ішкі осал жақтары

Қолайлы мүмкіндіктер

Сыртқы қауіптер (тәуекелдер)

Педагогикалық кадрлар біліктілігінің жоғары деңгейі.

Жаңартылған форматтағы біліктілік санаттардың өсуі.          

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша, үш тілділік курстары,шет тілі бойынша курстар,деңгейлік курстар арқылы біліктілікті арттыру.      

Біліктілігін арттыруға уәждеменің болмауы жеке санаттағы педагог? ("ескі" шыңдалған адамдар)

Олардың  біліктілігін арттыруға уәждемесін арттыру үшін педагогтарды көтермелеу жүйесін құру.     1

Демографиялық жағдайға байланысты бастауыш буын және орта буын пән мұғалімдеріне деген қажеттіліктің өсуі.

Ағылшын, орыс тілі, математика, физика пәні мұғалімдерінің жетіспеуі

Материалдық-техникалық ресурстар

Ішкі мықты жақтары

Ішкі осал жақтары

Қолайлы мүмкіндіктер

Сыртқы қауіптер (тәуекелдер)

Жылу және жарық режимдері сақталады. Өртке қарсы сигнализация жұмыс жасайды. Барлық кабинетте икемдеген оқушы партасы, ауыз сумен қамтамасыз етілген. 

Спортзалдар, спорттық алаң, спорт жабдықтары бар. Интерактивті тақталар, проекторлар, компьютерлер, ноутбуктер, кітапхана, оқу залы, информатика кабинеттері бар.

Интерактивті тақта, мультимедиял ық проектор, экран, сканер, принтер әр кабинетке қажет.

-100% балаларды ыстық тамақпен қамту Сабақтарда және сабақтан тыс уақытта интернет желісін пайдалану

түрлі аурулардың пайда болуы мен таралуы -оқушылардың жарақаттануы

Ақпараттық ресурстар

Ішкі мықты жақтары

Ішкі осал жақтары

Қолайлы мүмкіндіктер

Сыртқы қауіптер (тәуекелдер)

– Мектепішілік құқықтық базасының болуы

 - Көпдеңгейлі, функционалды басқару жүйесінің болуы, қоғамдық басқару структурасын қоса есептегенде;

 - Білім беру жүйесіндегі сыналған модель жаңа білім беру жүйесі технологиясы; 

- Кешенді жаңартылған білім беру жүйесін іске асыру; 

- Ғылыми–әдістемелік жұмысты сапалы ұйымдастыру,педагогикалық қызметкерлердің оқуы мен дамуы, мектепішілік бақылау жүйесі;

 - Қоғамдық ұйымдар мен басқа да білім беру мекемелерімен қарым-қатынас.

- Оқу-тәрбиелеу процесі мен мазмұнының қазіргі экономикалық даму талаптарына, білім беру процесіне сәйкессіздігі; - оқушыларды тәрбиелеу мен білім беруде ақпаратты құралдарды жеткіліксіз қолдану;

Жаңа технологияларды білім беру процесіне енгізу Мектептің тәрбие жұмысы жүйесіне әлеуметтік жобалау технологиясын енгізу; Ата-ана тәрбиесінің деңгейін жоғарылату жүйесін жасау; Мектептің даму мәселелерін шешуде әлеуметтік серіктестерді шақыру;

Жіберілген қателер негізінде қауіпті ескере отырып, ұйым ішінде үштілділікке көшу формуласын жүзеге асыру; жаңартылған білім мазмұнын игеруде кейбір оқушылардың дайын еместігі немесе жекелеген оқушылардың игеріп кетуіне құзіреттіліктерінің қалыптаспауы; - Жаңа білім беруді игеруде кейбір педагогтердің қиындыққа ұшырауы; - Педагог кадрлар мен мектеп әкімшілігіне артылатын жұмыс көлемінің ұлғаю қаупі;

Білім беру және инновациялық қызмет сапасын арттыруға оқу-әдістемелік шарттар

Ішкі мықты жақтары

Ішкі осал жақтары

Қолайлы мүмкіндіктер

Сыртқы қауіптер (тәуекелдер)

 Жұмыс істеуі – әдістемелік кеңес,   проблемалық шығармашылық кафедралар,

 - сертификатталған мұғалімдердің желілік қоғамдастығы. Педагогтардың ішкі корпоративтік біліктілігін арттыру (коучинг). Әдістемелік-дидактикалық құралдарды әзірлеу.

 Облыстық және республикалық деңгейде мұғалімдердің озық тәжірибесін ұсынбау. Педагогикалық шеберліктің, олимпиадалардың байқауларына тиімсіз қатысуы. Жалпы білім беретін мектеп жағдайында ЖВЗ бар балаларды инклюзивті білім беру ұйымына ұжымның дайын еместігі.

 Педагогогтарды ОПТ бойынша орта құруға ынталандыру және әртүрлі деңгейлерде оның диссеминациясына уәждеу. Онлайн-оқытуды ұйымдастырудың тиімділігі ретінде ЦБР әзірлеу.

Жалпы білім беретін мектеп жағдайында ЖВЗ бар балаларға инклюзивті білім беруді іске асыру кезінде мұғалім тьютор-көмекшісін даярлаудың болмауы.

Білім беру мазмұнын іске асыру

Ішкі мықты жақтары

Ішкі осал жақтары

Қолайлы мүмкіндіктер

Сыртқы қауіптер (тәуекелдер)

 Мектепте білім берудің жаңартылған мазмұнын (ОСО) және үш тілді енгізу бойынша іс-шаралар жоспарының болуы және іске асырылуы. Lesson Study зерттеуін жүргізу. Оқушылардың оқу жетістіктерінің нәтижелілігінің мониторингі.

 Оқыту жүйесінің өзгеруіне қатысты кейбір педагогтардың консервативті тәсілі. Мұғалімдердің шет тілін жеткіліксіз меңгеруі?


ЖОО әдіскерлерімен өзара іс-қимылды кеңейту.


Кейбір оқушылар мен олардың ата-аналарының білім берудің жаңартылған мазмұнын қабылдауға дайын болмауы.

Білім алушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерінің даму шарттары, білім беру сапасы

Ішкі мықты жақтары

Ішкі осал жақтары

Қолайлы мүмкіндіктер

Сыртқы қауіптер (тәуекелдер)

Оқыту сапасының оң динамикасы. Қорытынды мемлекеттік аттестаттаудың, ҰБТ-ның оң нәтижелері. Конкурстарда жүлдегерлер мен жеңімпаздардың санын арттыру.

Білім сапасының жоғарығы пайызы  % жеткіліксіз (50%)  8-9 сыныптарда ЖМО пәндері бойынша көрсеткіштердің төмендеуі және теріс динамика Жеткіліксіз іске асыру:

 - оқудағы үлгерімсіздікті жеңу мақсатында оқушылармен жеке жұмыс; 

-барлық оқушылардың зерттеу және жобалау қызметі; 

- мектеп оқушыларының республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадаларға қатысуы. Дарынды балалармен жұмыс жүйесінің нашар болуы. 8-9 сыныптарда ЖМО пәндері бойынша көрсеткіштердің төмендеуі және теріс динамика Жеткіліксіз іске асыру:

 - оқудағы үлгерімсіздікті жеңу мақсатында оқушылармен жеке жұмыс; 

-барлық оқушылардың зерттеу және жобалау қызметі;

 - мектеп оқушыларының республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадаларға қатысуы. Дарынды балалармен жұмыс жүйесінің нашар болуы.

 Білім беру нәтижелеріне педагогтардың, ата-аналардың қызығушылығы. Оқушылардың жеке білім беру бағыттарын жүзеге асыру.

 Мектептің дарынды оқушыларының шамадан тыс жүктелуі. Интернетті аралық аттестаттауда және бақылау жұмыстарында білім көзі ретінде пайдалану

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар мен идеалдарға бағдарланған белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны қалыптастыру және өзін-өзі іске асыру шарттары

Ішкі мықты жақтары

Ішкі осал жақтары

Қолайлы мүмкіндіктер

Сыртқы қауіптер (тәуекелдер)

 "Мәңгілік Ел" патриоттық актісі мен "Рухани жаңғыру"бағдарламасына негізделген тәрбие жұмысының жүйесі. Мектеп дәстүрлерінің болуы. Ата-аналарды жалпы мектептік іс-шараларға қатысуға тарту. Жалпы мектептік ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңесінің, "қауіп тобындағы" балалармен алдын алу кеңесінің жұмысы, ауыл мекемелерімен әлеуметтік серіктестік.

 Мектептің ұйымдастыру құрылымында тең-басқару мен өзін-өзі басқарудың жеткіліксіз дамуы.

 Мектепте басқару моделін жетілдіру. Жалпы қоғаммен байланысты кеңейту, мектептің әлеуметтік серіктестерін іздеу. Әр түрлі инновациялық педагогикалық технологияларды, тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерін енгізу.

 Интернет желісінің өсуі. Контенттік (заңсыз және әдепсіз материалдар) және коммуникациялық тәуекелдердің болуы. БАҚ-тың өскелең ұрпақтың азаматтық сана-сезімінің қалыптасуына теріс әсері.

Білім алушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру және іске асыру шарттары

Ішкі мықты жақтары

Ішкі осал жақтары

Қолайлы мүмкіндіктер

Сыртқы қауіптер (тәуекелдер)


Білім беру процесінде салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттарды орындау.

 Дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары, медициналық–психологиялық–педагогикалық консилиум жұмысын тиімді атқару, Денсаулық мониторингі жүйесінің болуы, ыстық тамақ.


«Денсаулықты нығайтуға мүмкіндік беретін мектептер» жобасын жүзеге асыру барысында  2019-2021 жж арналған      балалардың денсаулығын нығайту, дұрыс тамақтану, балалар мен жасөспірімдер арасында аурушаңдық деңгейін төмендету, мектеп медицинасының денсаулықты нығайтуға ықпалын жақсартудың  үш жылдық жобаға ену 


Оқушылардың қозғалыс белсенділігінің жеткіліксіздігі жеке оқушылардың дене шынықтырумен және спортпен айналысуына мотивация деңгейі. Қосымша білім берумен және спорт секцияларымен жеткіліксіз қамту.

Оқушылар үшін таза ауада және рекреацияларда қозғалу белсенділігін (ойындар) ұйымдастыру. Балалар мен ата–аналардың дене шынықтыру-сауықтыру және ағартушылық бірлескен іс-шараларын өткізу


Мектеп оқушыларының кейбір отбасында дұрыс тамақтану мәдениеті мен салауатты өмір салты болмауы. Мектеп оқушыларының белгілі бір бөлігі үшін қажетті спорттық мүкәммал мен спорттық формаға ие болмауы.




II. Мектептің миссиясы, мақсаттары мен міндеттері

      Мектептің миссиясы:

Мектеп үрдістерін сақтау, мұғалімдердің квалификациялық деңгейлерін жеткілікті деңгейде көтеру, дарынды оқушылармен жүйелі жұмыс жасау, эксперименттік жұмысты дамыту. Мектепте оқушылардың кәсіби мамандық таңдау бағдарын жетілдіру мақсатында үнемі мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту.

      Мектептің мақсаты:

Оқушыларға мүмкіндіктеріне сай білім беру, қажеттіліктері мен бейімділіктеріне қарай жеке оқыту, білім беру бағдарламаларын оқытуда терең және сапалы білім беру.

 Мектептің міндеттері:

- Білім беру процесінде оқу-тәрбиені жеке ұйымдастырудағы мұғалімдердің дайындық жұмыстарын жүйеге келтіру.

 - Кәсіби таңдау жасауда оқушылар бойында жауапкершілікті қалыптастыру. 

- Материалдық-техникалық базаның дамуын қамтамасыз ету

 - Оқушылардың әлеуметтік даму мүмкіндіктерін кеңейту, мектептің әлеуметтік байланыстарының кеңейтілген құрылымын жасақтау.


      IV. Мектепті дамытудың басым бағыттары

Сапалы білім беру негізі – зейін қоюды ұйымдастыру. Сыныпты дұрыс ұйымдастыру білім сапасының 60% құрайды. Сынып  тәртіп пен ереже мотивациядан да жоғары. Бала дамуының 70% өз жолдастарына байланысты. Білім сапасы сол сыныптың әлеуметтік структурасының құрылымына байланысты. Сапалы білім – оқушының психикалық өсуінің көрсеткіші.

 - Өзін-өзі жетілдіру;

 -Таланттардың пайда болуы;

- Әлеуметтік тобын іздеу;

- Өрісті дұрыс қалыптастыру;

-  Жас ұлан ұйымының жұмысының жандануы, ата-аналармен бірлескен жұмыстар, патриоттық тәрбие мен салауатты өмір салты бағыты бойынша және ұлттық тәрбие бағыттары бойынша жұмыстар

      V. Бағдарламаны іске асыру тетіктері

- Оқушылардың басым көпшілігі жұмысқа қамтылады.

- Мәдениеті дамиды;

- Уақытқа талабы күшейеді;

- Мектепте жайлылық атмосферасы орнайды;

- Оқушылар арасында таланттар ашылады;

- Әртүрлі жастағы жасөспірімдер арасындағы мәселелердің алдын алады.

- Ата-аналар мен мұғалімдердің қанағаттануы;

      VI. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

1. Жалпы білім мазмұнының сапалық жаңаруы. Білім сапасының көтерілуі. 

2. Педагогтар мен оқушылардың АКТ құзіреттіліктерін арттыру. 

3. Мектеп қызметінің басқару жүйесінің жетілдірілуі.

 4. Мектептің материалдық – техникалық базасының жақсаруы























Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив