«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 19 көпсалалы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жылдық есеп 2021-2022 оқу жылы » «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 19 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№19 көпсалалы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7277) 44-82-16
Есепші бөлімі:
+7(7277) 44-82-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 19 көпсалалы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жылдық есеп 2021-2022 оқу жылы
17
июнь
2022

«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 19 көпсалалы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жылдық есеп 2021-2022 оқу жылы

 «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 19 көпсалалы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жылдық есеп 2021-2022


Білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркемдік-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесін іске асыруды қамтамасыз ететін жиынтығында сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру (бағаланатын кезеңге қосымша сабақтар кестелерінің көшірмелері, сонымен қатар спорттық, шығармашылық және мәдени конкурстарға, жарыстарға, фестивальдар мен байқауларға қатысу нәтижелері қоса беріледі);

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа- адамгершілік- рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Ол үлкендердің, ата- аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалынан жасалады.Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас/ тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау/ кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпенқарау және т.б/ Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадыр тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайлылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды. 

Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. 

Адамгершілік –адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады.Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.




Патриот пен азаматтың Отанға ұтымды және эмоционалды қатынасы, мемлекеттің және қоғамның заңдарын ұғыну мен сақтау, саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңсыздыққа қарсы тұратын, баланың және жасөпірім ортасындағы зорлық- зомбылыққа қарсы тұруға дайын ұлтжанды азамат қалыптастыру.

«Ұлы Дала төсіндегі Мәңгілік ел» атты 1986 жылғы Желтоқсан құрбандарын еске алу кеші өтті. Мектепішілік үлкен іс-шараға өзін – өзі басқару ұйымы Желтоқсан көтерілісінің сипатын   насихаттай отырып, талай жылдар бойы армандаған егемендікке қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында  талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрініс көрсету арқылы көрермендерге және оқушыларға жеткізе отырып патриоттық сезімдерін оята  білді. Үлкен іс – шараға  Қызыл-Қайрат ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Натхан Манайұлы,   мәдениет үйінің күйшісі Құрманғали Тілемісұлы мен "Мәдениет майталманы" Мырзабек Парманов өз өнерлерін көрсетті. Көрермен қатарында мектеп директоры Коншибаев Н.О ; Алатау ауылдық округі әкімі Сейтов А.С және мектеп әкімшілігімен қатар ұстаздар, оқушылар қатысты. 

Өнер бірлестігі мен бастауыш сынып оқушылары Тәуелсіздік  мерекесінің 30 жылдығына  орай мектебімізде «Ұлттық өнер – ұрпаққа мұра»  көрмесі ұйымдастырылды.    







Еліміздің Тәуелсіздік   мерекесінің 30 жылдығына  орай мектебіміздің 5 сынып үздіктері мен екпінділері және белсенділері «Жас Ұлан» Республикалық қоғамдық ұйымы құрамына қабылданды. Мектебімізде «Жас Ұлан» Республикалық қоғамдық ұйымы қатарындағы 5 – 11 сынып оқушыларының үлесі 69% . 900 оқушы оның 621 үздіктері мен   белсенділері. Оқушыларды ұйым қатарына қабылдау рәсімінде өзін-өзі басқару ұйымымен қатар мектеп директоры Коншибаев Н.О; АӘ және ТД пәні мұғалімі А.Сарсенбеліұлы; Директордың оқу – ісі жөніндегі орынбасары Матниязов Р.З; Құқық менеджері Нурмуханбетова А.А; Директордың бастауыш – оқыту ісі жөніндегі орынбасары Бөлшекбаева А.Н және пән мұғалімдері қатысты. Мектепішілік іс – шара педагог – ұйымдастырушы Жуманова А.М ұйымдастырылуымен өтілді.




Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Бұл айтулы мерекені көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуға толық негізі бар. Еліміздің өркендеуімен бірге аудан экономикасы да ілгерілеу устінде. Бейбітшілік пен татулықтың арқасында бізді болашақта бұдан да жарқын, баянды күндер күтіп тұрғанына сендіргім келеді. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.

         Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.

         Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етедіМектепте үлкен мерекелік іс-шара өтеді, тәрбие сағаттары толығымен өтеді. Болашақ ұл- қызымыздың бойына жақсы тәлім тәрбие сіңдіру, біздің мақсатымыз!


Қазақстан Респупликасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани адамгершілік негізінде дене тәрбиесін және спортты сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастырудың өзектілігі артуда №19 көпсалалы мектеп гимназиясында оқушыларды ұйымдастырушылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу, тұлғалық қабілеттерін арттыру, өзін-өзі жетілдіруге тәрбиелеу мақсатында спорттық үйірмелер қарқынды жұмыс жасауда. 

Республикалық «SportFEST Kazakhstan» мектеп спартакиадасының аймақтық іріктеу ойындары баскетбол жарысынан ІІ орын иеленген 8 а сынып оқушысы Абылғазин  Амина жетекшісі М.Сейсекеев, Д.Нургелдиев            


Балалар мен жастарды спортқабаулу – ұлт денсаулығының кепілі. Жергілікті атқарушы органдардың ұсынған статистикасына сәйкес, елімізде мектеп жасындағы балалардың қатарында 1,8 млн бала дене шынықтыру және спортпен айналысады. Талғар аудандық мектеп оқушылары арасында баскетболдан өткен жарыста қыздар арасында І орынды иеленді.


 Қызда, ұлдар арасында баскетболдан  мектепшілік «Ең үздік ойыншы» жәнеде ең үздік «Сұр мерген» жарысы өткізілді.

І орын «Ең үздік шабуылдаушы» Қайыпов Айбол

ІІ орын «Ең үздік шабуылдаушы» Турсынов Наиль 

ІІІ орын «Ең үздік шабуылдаушы» Абылғазин  Амина

І орын «Үздік  Сұр мерген » Әбдіқадір Аяулым 

ІІ орын «Үздік  Сұр мерген » Бабахан Арай

ІІІ орын «Үздік  Сұр мерген » Әлімбекқызы Бота






Қыз тәрбиесі-қоғам тәрбиесі тақырыбында 6-7 сынып арасында қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыстың басты мақсаты: Қыз балаларды әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа шынайылыққа, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу. Жиналысқа қыздар ұйымының басшысы А.Нұрдан, мектеп медбикесі Б.Акимбековнамен және ДТІЖО, педагог-үйымдастырушы А.Жуманованың ұйымдастыруымен өткізілді.




Қыз тәрбиесі-қоғам тәрбиесі тақырыбында 6-7 сынып арасында қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыстың басты мақсаты: Қыз балаларды әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа шынайылыққа, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу. Жиналысқа қыздар ұйымының басшысы А.Нұрдан, мектеп медбикесі Б.Акимбековнамен және ДТІЖО, педагог-үйымдастырушы А.Жуманованың ұйымдастыруымен өткізілді.





ДТІЖО                                                 А.Алигожаева

ДТІЖО                                                 А.Молдахмет

Құқық менеджері:                              А.Нурмуханбетова

Педагог-ұйымдастырушы:                 А.Жуманова










Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив