ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ » «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 19 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№19 көпсалалы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7277) 44-82-16
Есепші бөлімі:
+7(7277) 44-82-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
март
2022

ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ОРТА   БІЛІМ       БЕРУ         ҰЙЫМДАРЫНДА     ТӘРБИЕ   ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың                2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие процесі білім алушылардың интеллектуалдық, патриоттық, руханиадамгершілік пен дене дамуын қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай идеологиялық тәсілдер мен құндылықтарға негізделіп жүзеге асырылады.

Тәрбие жұмысы барлық мүдделі тараптар: отбасы, білім беру ұйымдары, қоғамның жаппай қатысуымен кешенді түрде өткізілуі тиіс.  


Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі нормативтік құқықтық құжаттары: 

  1. Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы; 
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы; 
  3. «Неке         (ерлі-зайыптылық)       және  отбасы       туралы»     Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV Кодексі; 
  4. «Қазақстан          Республикасындағы     баланың     құқықтары          туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңы; 
  5. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-ІY Заңы; 
  6. «Балаларды   денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі № 169- VI Заңы; 
  7. «Білім        туралы»     Қазақстан   Республикасының        2007  жылғы  

27 шілдедегі  № 319 Заңы; 

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы  № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;  
  2. ҚР БҒМ 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері; 
  3. ҚР БҒМ 2020 жылғы 12 маусымдағы № 248 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері. 


                        БАЛАБАҚШАЛАР      МЕН      МЕКТЕПТЕРДЕГІ       ІС-ШАРАЛАР 

БАРЛЫҚ БАЛАЛАР ҮШІН ТЕГІН ӨТКІЗІЛЕДІ. 


Алғашқы қоңырауға арналған «Кел, балалар, оқылық!» салтанатты жиыны 1-сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады және «Әліппе»/«Букварь» алғашқы оқулығы салтанатты түрде табыс етіледі. Іс-шараға бірінші сынып оқушылары ата-аналарының біреуіне қатысу ұсынылады. 2021 жылдың  1 қыркүйегінде 2-11-сыныптарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  30      жылдығына         арналған     «Тәуелсіздік        жетістіктері»       тақырыбында республикалық сынып сағаты, ашық сабақ өтеді. Жаңа оқу жылында білім алушыларға мектеп формасы бойынша талаптар сақталады, сондай-ақ классикалық стилдегі ыңғайлы киіммен баруға рұқсат етіледі.      

 

Білім беру ұйымдарында негізгі жобалар іске асырылуда: 

  1. Білім алушылардың мектептегі өзін-өзі басқаруы білім беру процесін демократияландыруға ықпал етеді және білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ажырамас бөлігіне айналуы тиіс.   
  2. Дебат – зияткерлік рөлдік ойын, бұл өзінде бар білімді қолдану біліктілігін қалыптастырады, функционалдық сауаттылығын дамытады және оқушының болашақтағы өзін-өзі жетілдіруінің кепілі болатын нағыз білім беру технологиясы. 
  3. «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт». Оқу сауаттылығы – табысты, бәсекеге қабілетті тұлғаны және оның қазіргі қоғамда коммуникативтік құзыретін қалыптастырудағы базалық дағдылардың бірі.


Білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі идеясы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар.

2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында мынадай жобалар іске асырылатын болады:

  • «Мектептің өзін-өзі басқаруы»;
  • «Дебат» қозғалысы;  
  • «Оқуға құштар мектеп»;  
  • «Отбасы – мектеп»;
  • «Құқықтық сана – қауымға пана»;
  • «Дәстүр мен ғұрып»;
  • «Еңбек – елдің мұраты»;
  • «Үнем – қоғам қуаты»;
  • «Ерте жастан басталатын экологиялық мәдениет»  
  • «Қоғамға қызмет»;
  • «Музей сабақтары»;
  • «Театр сабақтары» жобасы.

Жоба материалдары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында орналастырылған https://www.nao.kz).   

Еліміздің орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес сегіз негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Бірінші бағыт - «Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие» білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін, құқықтық және азаматтық сана-сезімді, жеке бас бостандығы мен ар-намысының құндылығын, парасаттылық пен адалдықты, толеранттылықты, еңбекке деген құрметті, «толық адам» қасиеттерін қалыптастырады, зорлық-зомбылық пен агрессиялық ой-пиғылдың, әртүрлі типтегі кемсітушіліктің алдын алуды қарастырады.   

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021-2022 оқу жылында «Туған елге тағзым» жалпыреспубликалық экспедициясын,

«Тарих тағылымы» мен «Қазақ мәдениетінің антологиясы» әлеуметтік жобаларын, «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» («Қазақстанның киелі географиясы») жобасын қамтитын «Ұлы дала мұрагерлері» жобасын іске асыруды жалғастыру қажет.

Білім алушылар арасында өлкетану білімін насихаттау және танымал ету келесі материалдарда:

  • Қазақстан          Республикасында         өлкетануды        дамытудың 

Тұжырымдамалық негіздерінде; 

  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында жалпы білім беретін ұйымдарда өлкетану жұмыстарын жетілдіру бойынша әдістемелік ұсынымдарда;  
  • «Айналаға қара» («Ауыл өмірі», «Қала өмірі»: әлеуметтік – тарихи тәжірибе») бағытын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарда;   
  • «Өлкетану»: мәдени-генетикалық кодтың негізі» (мәдени мекемелердегі өлкетану сабақтары) (5-7-сыныптар) пәнін жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарда;  
  • «Қазақстанның киелі орындары – Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» әдістемелік ұсынымдарында; 
  • «Туған жер» бағдарламасы арқылы білім беру ұйымдарында білім алушылардың қазақстандық патриотизмін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарда көрсетілген (https://www.nao.kz)

«Жас қыран» (1-4-сыныптар), «Жасұлан» (5-10-сыныптар), «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтары, балалар мен жасөспірімдер қозғалысының қызметін ұйымдастыру білім алушылардың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мен дамытуға негіз болады.  

Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген әдістемелік ұсынымдар https://www.nao.kz сайтында орналастырылған.  

Аға тәлімгерлер мен педагог-ұйымдастырушыларға арналған әдістемелік құрал www.zhasulan.kz сайтында орналастырылған https://www.zhasulan.kz/kz/project/view?id=14. 

Білім беру ұйымдарының қазіргі заманға сай жұмыс жасауында білім беру ұйымын демократиялық басқару жағдайларын қамтамасыз етуге байланысты мәселелер туындайды, бұл кезде тек басшы мен педагогикалық кеңес қана емес, сондай-ақ оқушылар мен ата-аналар да білім беру процесінің толық құқығы бар субъектілері ретінде білім беру ұйымы ұсынатын қызметтердің сапасына ықпал етеді.

Осыған байланысты мектептің өзін-өзі басқару органдарына мектеп парламенттері түрінде маңызды рөл беру ұсынылады. Білім беру ұйымдарында білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамытудың «Мектеп/Студенттік парламент» тұжырымдамасы ҚР БҒМ 15.02.2021 жылғы №1-18-4/566-И шығыс хатымен Қазақстанның барлық өңірлеріне жолданды және https://www.ziyatker.org/schoolparliament сайтына орналастырылды.   

Тәрбие бағытының бірі – білім алушыларды құқықтық тәрбиелеу.   

Қазіргі уақытта мемлекет пен азаматтық қоғам балалар мен жастардың құқықтық мүмкіндіктерін іске асыру проблемасын белсенді түрде көтеруде. Осыған байланысты қазақстандық мектептердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының алдында құқықтық мемлекет жағдайында шығармашыл, бастамашыл, өзі және қоғам үшін пайдалы әрекет ете алатын еркін, жауапты тұлғаны, мәдениет адамын тәрбиелеу міндеті тұр.  

«Құқықтық сана – қауымға пана» жобасы білім алушылардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған. Осы жоба шеңберінде білім беру ұйымдарында заманауи әдістемелер негізінде білім беру және тәжірибеге  бағдарланған ісшараларды өткізу жоспарлануда.

Білім алушылардың сана-сезімі мен құқықтық мәдениетінің қалыптасу критерийлері: негізгі заңдарды білу, түсіну және міндетті түрде орындау, құқықты, заңдылықты құрметтеу, алған білімдерін күнделікті өмірде өз бетінше және функционалдық сауатты түрде пайдалана білу; нормаларға қайшы келмейтін мінез-құлық, құқыққа қарсы құбылыстардың, әрекеттердің кез келген түрін қабылдамау, академиялық адалдық.

Мектеп пен ата-аналар балаларды қоғамға жат мінез-құлықтан бас тарту мәдениетіне тәрбиелеуі керек. 

Жоғары сыныптарда білім алушыларды құқықтық-жауапкершілік нормаларымен таныстыру қажет.

Білім алушылар бала құқығы туралы БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелерін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексін, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңдарын білулері тиіс. Жасөспірімдердің денсаулығы мен қауіпсіз мінез-құлқы мәселелерін зерттеуге назар аудару керек. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив