2021-2022 оқу жылындағы Көпсалалы №19 мектеп-гимназиясында бейінді оқытудың жүргізілуі бойынша АНЫҚТАМА » «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 19 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№19 көпсалалы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7277) 44-82-16
Есепші бөлімі:
+7(7277) 44-82-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2021-2022 оқу жылындағы Көпсалалы №19 мектеп-гимназиясында бейінді оқытудың жүргізілуі бойынша АНЫҚТАМА
17
июнь
2022

2021-2022 оқу жылындағы Көпсалалы №19 мектеп-гимназиясында бейінді оқытудың жүргізілуі бойынша АНЫҚТАМА

2021-2022 оқу жылындағы Көпсалалы №19 мектеп-гимназиясында бейінді оқытудың жүргізілуі бойынша

АНЫҚТАМА 

Баланы жасынан еңбекке тəрбиелеу адам қоғамымен тығыз байланысты. Тіптен жазу-сызу болмаған тайпалық дəуірдің өзінде өз ұрпағын өмірге бейімдеп тəрбиелеу, оларды отбасында еңбекке, қол өнерге, аңшылыққа үйрету дəстүрі халық өмірінен өзекті орын алған. Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев жəне басқалары өз зерттеулерінде баланың ішкі əлеміне көңіл бөлу қажеттілігі мен оқуға деген талпынысын қалыптастыруға бағыттау, шығармашылық қызығушылыққа, тəрбиелеу туралы қорытындылар жасайды. Осындай негізде негізгі орта білім беру екі бағытта оқытылады.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ҚР жалпы орта білім берудің мақсаты – бейіндік оқытуды іске асыру, білім алушылардың саналы түрде кәсіптік, азаматтық, тұлғалық өзін-өзі анықтауына мүмкіндік беретін түйінді құзыреттіліктерді игеруін қамтамасыз ету және даралық білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Бейінді оқыту: оқушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау үдерісі, білім беру үдерісін ұйымдастыру. Оқытуды саралау және даралау базалық курстар, бейіндік курстар, элективті курстар арқылы жүзеге асырылады. Базалық курс оқушылардың барлығы игеруге міндетті жалпы білім беретін пәндер. 

Бейіндік курс: тереңдетіліп оқытылатын, жалпы орта білім беру деңгейінде бейіннің мазмұнын және оқытудың бағытын айқындайтын оқу пәні. Бейінді оқыту дегеніміз – оқушылардың қызығушылық бағытының, қабілетінің дамуына жағдай жасайтын және олардың келешекте ие болуға тиісті кәсібіне бейімделуді қамтамасыз ететін іс-әрекет. 

10 -сыныптар (жаратылыстану – математикалық бағыт) оқу  жоспары ҚР БжҒМ 2012 жылғы    қарашадағы  № 500 бұйрығының  19 қосымшасына, ҚР БжҒМ  2021  26 наурыздағы  № 125 бұйрығына 19 қосымша және  (қоғамдық – гуманитарлық бағыт) ҚР БжҒМ 2012 жылғы    қарашадағы  № 500 бұйрығының  29 қосымшасына, ҚР БжҒМ  2021  26 наурыздағы  № 125 бұйрығына 29 қосымшасы болып  еңгізілген жаңартылған мазмұндағы (төмендетілген) үлгілік оқу  жоспарына  сай  құрылды.  

Стандартты және тереңдетілген деңгейдегі бейінді пәндерді таңдауды тамыз айында ата-аналардың өтініштері бойынша білім алушылар  анықтады.


Нәтижесінде 10 және 11 сыныптары жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқыту және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқыту бойынша бөлінді. 

Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай 10 «А», 10 «Б», 11 «А», 11 «Б», 11 «Д» сыныптары аталған оқу жылында жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқыту бойынша білім алды. 

Ал, 10 «Ә», 10 «В», 10 «Г», 11 «Ә», 11 «В», 11 «Г» кластары қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқыту бойынша оқыды.

Бейінді оқыту мәселесінде біліктілік санаттарына сай төмендегі мұғалімдер бекітілді: физика пәні: Маякова А., география пәні: Айжан Оралханова, химия пәні: Мандыбаев Н., Бағыбаева Б., тарих пәні: Төлегенова Л., Мамишев А., Берікболов Е., қазақ тілі мен әдебиеті пәні: Түстікбаева Ф., орыс тілі пәні: Ашимова С., ағылшын пәні: Сопиева Қ.    



11-сынып бойынша Қазақстан тарихы пәнінен «Қазақстан тарихындағы  ұлт-азаттық  қозғалыстар», география пәнінен «Жаhандық проблемалар», қазақ тілінен «Эссе жазудың теориясы мен практикасы»  және алгебрадан  «Тест есептері және оларды шешу жолдары» курстары,  биологиядан  «Эволюциялық ілім» және химия пәнінен  «Тұрмыстағы химия» курстары жоспарланып осы бойынша білім берілді.


Директордың әдістеме ісі бойынша орынбасары             Б.А.Кагазов

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив