Балалар мен жасөспірімдерді тәртіп бұзушылық пен қылмыс жасаудан сақтандыру /Қиын баламен жұмыс/ » «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 19 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№19 көпсалалы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7277) 44-82-16
Есепші бөлімі:
+7(7277) 44-82-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Балалар мен жасөспірімдерді тәртіп бұзушылық пен қылмыс жасаудан сақтандыру /Қиын баламен жұмыс/
27
январь
2023

Балалар мен жасөспірімдерді тәртіп бұзушылық пен қылмыс жасаудан сақтандыру /Қиын баламен жұмыс/

Девиантты мінез-құлықты оқушылармен жұмыс жүргізу арқылы тәртіп бұзушылық пен қылмыс жасаудың алдын алу Тәрбиесі «қиын» оқушылармен жұмыс жоспарға сай жалғасуда. Мектепішілік есепте тұрған оқушылардың сабаққа қалмай қатысуы қадағаланды. ДТІЖО,құқық менеджері және сынып жетекшілер тарапынан мектепішілік есепте тұрған оқушыларға тәрбиелік деңгейін анықтау, оқушының жеке ерекшеліктерін зерттеу жұмыстары  жүргізіліп отырды.

          Сонымен қатар мектеп психологтары  оқушымен жеке жұмыс жүргізе отырып, педогогикалық-психологиялық мінездемесін жасады. Жұмыстың нәтижесі шығарылып, диагностикалық карта жасалды. Психолог оқушымен үнемі байланыста болып, онымен әңгіме жүргізіп отырады.

Мектебімізде тәртіп бұзушылықтың алдын алу және мінезінде ауытқушылығы бар балаларды назарда ұстау мақсатында «Қауіпті топқа» жататын оқушылар тізімі жасалынды. Сынып жетекшілері тарапынан есепте тұрған оқушылар үнемі бақылауда болды. Жетекшілер оқушыларға ерекше көңіл бөліп, сабақтағы үлгерімдерін де үнемі бақылауда ұстап отырды. Ата-аналарымен де байланыс жасап, оқушылардың сабақтан тыс уақытын дұрыс пайдалана білуі туралы әңгіме жүргізіп отырды. 

        Есепте тұрған оқушылар сабақтан тыс уақытын  мектептің спорт залында және үйірме сабақтарында сонымен қатар мектепте өтіп жатқан сыныптан тыс жұмыстарға қатысумен өткізіп жүр. Тәрбиесі «қиын» оқушыларды  бақылау әлі де жалғасуда..2022 жылдың қыркүйек айында тәртібі «қиын» оқушылардың сынып жетекшілері тарапынан сұраныстар берілді. Аталған сұраныстар негізге алына отырып оқушылардың тәртіптері мектептің тәртіп бұзушылық Кеңесінің отырысында қаралды. Отырыста сынып жетекшілердің тәртібі «қиын» оқушылармен жасаған жұмысы тексерілді. 

Сонымен қатар мектептің жасөспірімдері арасында тәртіп бұзушылықтың алдын алу бойынша бірнеше жұмыстар жүргізілді. Атап айтар болсақ, 9-11 сынып оқушылары арасында «Темекі, ішімдік, есірткінің адам ағзасына зияны», «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық», «Маскүнемдік –ауыр дерт» сияқты тақырыптарда әңгімелер өткізілді.          Қазан айында оқушылар арасындағы күш көрсету мен бопсалау бойынша сауалнама алынып нәтижесі шығарылды, қорытынды бойынша оқушылар арасында күш көрсету мен бопсалау жоқ екені анықталды. Мектебімізде суицидтың алдын алу мақсатында оқушыларға түсініктеме жұмыстары жүргізілді.Әңгіме барысында біздің Конституциямыз «Мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі» деп басталады. Ендеше сол қымбат қазынаны көзіміздің қарашығындай етіп қорғау әрбір азаматтың алдындағы, сондай – ақ жалпы қоғамның алдында тұрған өзекті мәселе екендігі айтылды. Әр адам өз өміріне жауапты екендігі және оны сақтау адами парыз болып есептелетіндігі жөнінде әңгіме жүргізілді. Құқық менеджері Ақмарал Ануаровна    8-11 сынып оқушыларымен жекелей кездесіп, қазіргі таңда оқушылар арасында болып жатқан құқықбұзушылық түрлері және олардың әрбір жасөспірімді қаншалықты ауыр жағдайға әкелетіні туралы әңгіме жүргізді. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарды мектеп құқық менеджеріне қоя отырып, толық жауап ала алды
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив