І жарты жылдық тәрбие жұмысының қорытынды есебі » «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 19 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№19 көпсалалы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7277) 44-82-16
Есепші бөлімі:
+7(7277) 44-82-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
январь
2023

І жарты жылдық тәрбие жұмысының қорытынды есебі

№19 көпсалы мектеп-гимназиясында 2022- 2023 оқу жылында 96 сынып комплект, 7 мектепалды даярлық сыныбы.  Оқу жылында  екі ауысым   жұмыс атқарады.

   ҚР   Білім  және ғылым министрлігінің   тәрбие жұмысына байланысты   2022-2023  жылдарға арналған кешенді бағдарламасын басшылыққа ала отырып , Талғар аудандық білім бөлімінің бұйрықтарын, 2022-2023  оқу жылында  тәрбие жұмысының жылдық  циклограммасы негізінде құқықтық-нормативтік актілерді басшылыққа негізге  ала отырып,  жылдық,айлық жоспарлар құрылып, бекітілді.

Сынып жетекшілер  тәрбиенің мазмұны мен мақсатына сай  методикалық әдістеме құралдарын қолданады.

       Мектептің 2022 – 2023  оқу жылында мектеп дамуының стратегиялық жоспарын жүзеге асыру мақсатында тәрбие жұмысы негізгі 4 бағытта жүргізілді:

1.Оқу-тәрбие процессін ұйымдастыру.

2.Тәрбиенің 8 бағыты бойынша  тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.

3. Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру/ Үйірмелер, секциялар, клубтар 

4.Мектептен тыс жұмыстар /қоғаммен, басқа ұйым, мекемелермен қарым - қатынас

                               Оқу-тәрбие процессін ұйымдастыру

   Тәрбие жұмысының деңгейін көтеруде ҚР-ның барлық нормативті құжаттар басшылыққа алынды: Тәрбиенің 8  бағыты бойынша  тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың І тоқсандық жұмысы  бойынша мектеп оқушылары мектеп өмірінде  пәндер бойынша түрлі қосымша сабақтарға, пәндік өребәйгелерге, түрлі сайыстар мен жарыстарға қатысты.

-Мектептің өзін-өзі басқаруына - 45 %

-Экологиялық қызметке -20 %

-Әскери-спорттық акцияға – 30 %

-Құқық негізіндегі жұмыстарға- 52%

-Саяси акцияларға -73%

-Әр түрлі қоғамдық жұмыстарға – 38 % қатысып отырды.

Оқу жылы басында сынып  жетекшілердің тәрбие жоспарлары тексеріліп, бекітілді. Сынып жетекшілер үшін бастауыш, орта- жоғарғы буын бойынша топқа бөлініп  құрылды. тәрбие сағаттарының кестесі жасалынды.       Жас сынып  жетекшілерге көмек көрсету мақсатында тәжірибелі мұғалімдерден кеңес беру бөлімі құрылды, тәлімгер ұстаздар тағайындалды. Оларға құжаттармен жұмыс, атап айтқанда айлық жоспардың құрылуы, оқушылардың тәрбиелік деңгейін зерттеу жолдары, бақылау күнделігін жүргізу, оқушылармен жұмыс бойынша кеңес берілді

Оқушылардың бірыңғай талап ережелерінің орындалуы үнемі қадағаланады. Оқушылардың сабаққа түгел қатысуы қадағаланып, күнде тексеріледі. Сабаққа келмеген оқушылардың анықтамалары талап етіліп, жинақталады. Қыркүйек,қазан айындағы оқушылардың сабаққа қатысымының нәтижесі бойынша барлық сынып оқушылары  сабаққа түгел қатысатынын айтуға болады. Тек дәлелді себеппен (аудандық, облыстық жарыстарға, дәрігерлік тексеруден өту кезінде, науқастанған жағдайда)  қатынаспаған оқушылар бар қажетті анықтамалары жиналған.   Оқушылардың формасы күнделікті қадағаланып, ескертулер берілуде. .  Класс   жетекшілер өз кластарының оқушыларын ертеңгілік таңғы жаттығуға қатысымы мен оқушылар түгендеп ертемен келеді.  Класс жетекшілердің  тәрбие сағаттарының өтілуі үнемі қадағалануда.  

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив